Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру: Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді.Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы,сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.
Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады не оның алдынан сызықша қойылады да,төл сөз бас әріптен бастап жазылады,төл сөздің соына,егер ол хабарлы сөйлем болса,леп белгісі қойылады да,одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.Мысалы:
«Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр.
– Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен.
– Алма,сен жақсы салдың еске! – деді Жанат,есіне жаңа түскендей.
Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса,автор сөзінен соң қос нүкте қойылады,одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады.Мысалы:
Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық,жаманы – күйік». Аздан соң тағыда өзі сөйледі: - Менің аңғаруымша,сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз. Ол – ғылымдардың анасы ғой. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса,бірінші және екінші тармақтарда көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.Мысалы:
Абай Ақылбайдан: - Қалада не хабар бар? – деп сұрады. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса,автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады: а) автор сөзінің алдынан да,соңынан да үтір және сызықша қойылады,мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады.
Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса,алғашқысының алдынан сызықша қойылады да,соңғысы тырнақшаға алынады.