Жаттығумен жұмыс: 98-жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы :Диктант Сабақтың мақсаты : а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету. б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі : қайталау Сабақтың әдісі: баяндау