Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары қауызы ашыла бастағанда,сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара жуып, дегдуі үшін, жайып қояды.
Дегдіген соң, қызған қазанға салып,қуырады. Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе, тарының астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал ала-құла қуырылған тарынын ақтаған кезде,қауызынанажырату қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады.
Қуырған тары тым суып кетсе,жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай,келіге түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де , келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны дұрыс.
Түйілген тарыны табаққа салып алып, суырады. Сөйтіп, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары қауызынан түгел айырылмайтындықтан,оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп суырады. Сонымен сөк дайын болады. Сөктің түсі сарғыш,хош иісті аса дәмді келеді.
Сөк көбінесе шай дастарханына қойылады. Сондай-ақ тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады.
(«Қазақ күнтізбесі», 1991.) (154 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |