Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тірек сызбалар , қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын