«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».ақын халық арасында «Ақиық ақын» деген атпен танылған
ІІ топ Мұзбалақ
Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді. Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті. Жүрегі жыр теңіз ақын Мұқағали Мақатаев Дала, Тау тұжырымдарымен өзінің дүниетанымдық көзқарасын барынша айқын, барынша шынайы түрде жеткізуге құштар болғандықтан ақын мұзбалақ аталған.