Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағат Әдісі : «Поэзия минуты», «Қиялдағы суреттер», «Мозайка»,бес жолды өлең, эссе жазу



бет5/5
Дата04.01.2022
өлшемі24,66 Kb.
#129122
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
мен өмірге құштармын

«Қиялдағы суреттер» сурет салу.

Мұқағали шығармашылығын беріле тыңдап, сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем шығар , сірә. Ақын шығармашылығы өз оқырманын бірде баурап, шарықтау көкке жетелейді. Оқушылар өздері жақсы көретін Мұқаңның бір шығармасының оқиғасын суретпен бейнелейді.

  1. Ақын өмірде көптеген қиыншылықтар көрді. Соған қарамастан мойымай алға ұмтылды, өмірге ғашық жүрекпен керемет туындылар туындатты. Олай болса, ақын құштарлығына тәнті бола отырып, «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында эссе жазамыз.

  2. Бес жолды өлең. Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды, иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде, ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барша баурап алған да. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан -ды. Сол бесіктен жазылған жыр оны ақыры ақынға айналдырды. Ендеше ақынға еліктей отырып, өлең жолдарын құрастырайық

Қорытынды
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Мен өмірге құштармын» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет