1.Қалтаның ерекшелігі.
2.Қажетті бөлшектер.
3.Қалтаның түйіндік өңдеу барысы.
|
Түсіндіру, көрсету.
|
Нұсқаулық карта №11, киім суреттері,лекалдар.
|
15 мин
|
V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстары
|
1.Қалта бөлшектерін пішу.
2. Түйіндік өңдеуден өткізу.
3.Ылғалды жылулық өңдеуден өткізу.
|
Өз бетінше өзіндік жұмысты орындау.
|
Нұсқаулық карта №11, лекало, ине, жіптер, булавкалар, қайшы, мата, киім суреттері,қаламсап, тігін машинасы, үтік.
|
50 мин
|
VІ. Оқушылардың білімін бағалау және хабарлау: Оқушылардың тапсырманы орындауына байланысты бағалау және хабарлау.
|
3 мин
|
VІІ. Сабақты қорытындылау: Оқушылармен сабақтың барысында жіберілген кемшіліктер үстінен жұмыс істеу.
|
3 мин
|
VІІІ. Үй тапсырмасы:
1.Т.Сүлейменова «Бұйымның түйіндік өңделуі» 83-88 беттер.
2.Тігістегі қалталардың өңделуінің технологиялық картасын жасау.
|
мин
|
Оқытушы: Ерханова Камшат.
Нұсқаулық карта № 11
Пәні: Тігін өндірісінің технологиясы.
Тақырыбы: Тігістегі қалтаны өңдеу. Тігістегі қалтаны жапырақшамен өңдеу.
Мақсаты: Оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, тігістегі қалтаны және тігістегі қалтаны жапырақшамен өңдеуді үйрету.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Нұсқаулық карта №11, лекало, ине, жіптер, булавкалар, қайшы, мата, киім суреттері,қаламсап, тігін машинасы, үтік.
Сабақ өтетін орын: 309 кабинет.
Тапсырмалар:
1.Қалта бөлшектерін пішу.
2.Түйіндік өңдеуден өткізу.
3.Ылғалды жылулық өңдеуден өткізу.
Сабақ барысы:
Киімдегі қалталар алдыңғы бойдың тігістерінде, бедерінде және қатпарларында, шалбардың бүйіртігінде белдіктің біріктіру тігісінде орналасуы мүмкін.
Алдыңғы бой тігістерінде орналасқан қалталар. Бұндай қалталар алдыңғы бойды бірнеше бөліктерден тұратын киім үлгілерінде кездеседі. Тігістерінде орналасқан қалталар жапырақшалы, әдіпті, бөлшек шеттері қайырылған және т.б. болуы мүмкін. Мұндай қалталарды өңдеу процесі екі кезеңнен тұрады: жапырақшаларды өңдеу және оларды жинақтау. Жапырақшалардың өңделуі жармасы бүйір қалтаның өңделуіне ұқсас. Жапырақшалы қалталардың жинақталуынан жапырақшаларды қалта астарының бір бөлігімен бірге алдыңғы бойдың орта бөлігіне біріктіріп тігуден бастайды. Алдыңғы бойдың бүйір бөлігіне қалта астарының екінші бөлігі біріктіре тігіледі. Бұдан кейін алдыңғы бойдың орта және бүйір бөліктері қалта кесіндісін қайыра отырып, сырып тігіледі.
Қалтаны жинақтаудың соңғы операциялары болып қалта астарын сырып тігу, жапырақша ұштарын бекіту және ылғалды-жылулық өңдеу болып табылады. Жапырақша ұштары жапырақшалы жармалы қалталардағыдай бекітіледі. Қалталар бойлықсыз өңделетін болғандықтан, жапырақша ұштарына бекітпе жасағанда теріс жағынан бөз, коленкор немесе желімді жиекті матадан кесінді жабыстырылады.
Тапсырманың орындалу тәртібі:
Қалта бөліктерін пішу. Төмендегі 1-сурет.
1-сурет
Алдыңғы және артқы бой бөліктеріне белгіленген калта орнына қалта қапшығын көктеу, және көктеп болған соң тігіс ені 1-см арақашықтықта сырып тігу. 2-сурет.
2-сурет
Қалта қапшығын жатқыза үтіктеп, алдыңғы және артқы бойдың жан қиықтарын қосу, тігіс ені 1-1,5 см арақашықтықта сырып тігу.3-сурет.
3-сурет.
Алдыңғы және артқы бойдың жан қиықтарын қосқан соң, айыра үтіктеу қажет.4-сурет.
4сурет.
Қалта қапшықтарыны оң беттерін бір-бірімен беттестіріп, түйреуіштер көмегімен сәйкестендіреміз. Және көктеп тігін машинасында тігіс ені 1-см арақашықтықта сырып тігеміз. Тігін машинасында сырып тігіп болған соң тігіс ені 0,3-0,4 см арақашықтықта торлаймыз. 5сурет.
Тігіс сапасын тексеріп, алдыңғы бойға қалта қапшығын жатқыза үтіктейміз.
Бақылау сұрақтары:
Біз бұйымды көктегенде қандай жіп қолданамыз?
Ылғалды-жылулықпен өңдеудің қандай түрлері бар?
Түйреуіштер не үшін қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |