Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары


Көрнекілігі: сызба, суреттер. Әдісі



бет5/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,91 Mb.
#5902
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Көрнекілігі: сызба, суреттер. Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,

Сабақтың типі: қайталау сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. № 7

ІІІ. Білімді бекіту: № 1. Ауызша есептеу.

25 ∙ 3 = 75 20 ∙ 4 = 80 24 ∙ 2 =48 15 ∙ 3 = 45 30 ∙ 3 = 90 42 ∙ 2 = 84

№ 2. Топтық жұмыс. Теңдеулер құрастыр және оларды шеш.

(4 оқушы тақтада жарысып, түсіндіріп шығарады)

Х + 320 = 560 + 200 х – 430 = 1000 – 530

500 + х = 432 + 78 х – 150 = 109 + 601

№ 3. Өздік жұмыс. Өрнекте.


  • Тәулікпен және сағатпен: 35 сағ = 1 тәул. 11 сағ. ...

  • Сағатпен және минутпен: 127 мин. = 2 сағ 7 мин. ...

  • Сағатпен: 7 тәулік 3 сағ = 171 сағ.

  • Минутпен және секундпен: 2 сағ 51 мин = 171 мин

  • Секундпен = 7 мин 4с = 424

ІҮ. Сабақтың тақырыбымен жұмыс. Сабақтың мақсатын қою, тақырыбын хабарлау.

№ 4. Есепті шығару.

Әкелінді - 27 және 2 12 компьютер ? шешуі: 27 + 2 ∙ 12 + 15 = 27 + 24 + 15 = 66

Әкелінбеген – 15 компьютер жауабы: барлығы 66 компьютер әкелінбек.

1. № 5. Қалдықпен бөлуді орында және дұрыстығын тексер.

48 : 5 = 9 (қалдық 3) 5 ∙ 9 + 3 = 45 + 3 = 48 т.с.с.

№ 6. (4 оқушы тақтада.) В = 6 см : 2 = 3 см Р = (6 + 3) ∙ 2 = 18 (см) S = 6 ∙ 3 = 18 (см2)

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: № 1. Өзіндік жұмысты орындау.ҮІ. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс. № 8. ҮІІ .Үйге тапрсыма: № 7.17 бет. Бағалау
Көп таңбалы сандардың нумерациясы

9. Тақырыбы: Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.



Мақсаты: көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.

Сабақтың типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге білдірейік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Көркем жазу минуты. 5 жүздік, 3 ондық, 1 бірлігі бар санды жазыңдар.

( 531, 513, 351, 315, 153, 135). Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(531,135).

2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

5

0

6




4

1

7

2

0

9

9

9


  1. Математикалық диктант. Мына сандарды жазыңдар.

  • 2 жүздік

  • 4 жүздік, 2 бірлік

  • 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік. (200, 402, 756, 900, )

  • Алдыңғы сан 897; (896)

  • Келесі сан 389; (390)

  • 5 ондық, 7 бірлік; (57)

  1. № 2. Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.


Заттардың саны көп болған кезде, оларды мыңдықтармен санайды. Мыңдық – жаңа санау бірлігі. Мыңдармен санауды да бірліктермен санағандай орындайды.



10 бірлік = 1 ондық

10 бірлік мың = 1 ондық мың = 10 000

10 ондық = 1 жүздік

10 ондық мың = 1 жүздік мың = 100 000

10 жүздік = 1 мыңдық

10 жүзді мың = 1 мыңдық мың = 1 миллион = 1 000 000


2 000

1 000

3 000

4 000

5000

6 000

7 000

8 000

9 000

№ 3.



Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты немесе бірліктер класын құрайды. Бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар екінші класты немесе мыңдар класын құрайды.


Көп таңбалы сандарды кластарын атап, солдан оңға қарай оқиды. Барлық цифрлары нөл болатын сандардың класс бірліктерін және кластарын атамайды. (Мысалы: 4321 – төрт мың үш жүз жиырма бір, 25 000 – жиырма бес мың.


Оқулықпен жұмыс. Кестедегі сандарды оқы:

Сергіту сәті:

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: Ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)



ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

№ 4. Түбірі бірдей теңдеулер жұбын тауып жаз. Шығар.

(х – 8) : 4 = 32 (х – 8) ∙ 4 = 32

Х – 8 = 32 4 х – 8 = 32 : 4

№ 5. Есеп шығару. (І топ балалары)

І топта ұл бала – 8 – барлығы ? шешуі: 150 : (8 + 7) = 150 : 15 = 10 (топ)

І топта қыз – 7 – барлығы ? 150 оқушы 8 ∙ 10 = 80 (ұл бала)

7 ∙ 10 = 70 (қыз)

Жауабы: 80 ұл, 70 қыз қатысты.

№ 6. (ІІ топ балалары).

Қыз – 140 шешуі: І тәсіл: (140 +160) : 10 = 30

Ер бала – 160 Барлығы – 10 топ ІІ тәсіл: 140 : 10 + 160 : 10 = 30

Әр топта – ? бала Жауабы: әр топта 30 баладан

№ 6(ә). ІІІ топ)

Қызанақ – 27 ? банкі керек шешуі: (27 + 30) : 3 = 57 : 3 = 19

Қияр – 30 Жауабы: 19 банкі керек.

3 л банкіге тең бөлінді



ҮІІ. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс: № 8.

ҮІІІ. Үйге тапрсыма: № 7. 19 бет. Бағалау

Дүниетану- 4 класс
1.Тақырыбы: Адам қайдан ,қашан пайда болған?

Мақсаты: Адам қайдан, қашан пайда болғаны жөнінде қасиетті діни кітап пен ғылыми зерттеудегі айтылған ойларды талқылап ,түсіндіру. Ой-өрісін, әңгімелеп жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке ,адамдық қасиетті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.Дүниетану оқулығын таныстыру. Кітапта шартты белгілер бар,сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.. Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің.Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де , Білімді тексеру кезеңі:

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

-Балалар , Дүниетану сабағы бізге нені үйретті?

-Бізді қоршаған орта деп нені атаймыз?

-Адам мен табиғат бір-біріне тәуелді ме?

-Адамға ең қажетті не деп ойлайсыңдар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Адам қайдан ,қалай пайда болған?

Балаларға мақсатын айтып өтемін



V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -Бұл - адамдарды ежелден толғандырып келе жатқан сұрақ. Ғылым әлі дамымаған кезде әртүрлі аңыздар айтылып жүрді.

Мұндай аңыздар діни кітаптардан да орын алып жүрді.Онда Алла-тағала өз құдіретімен әуелі жер-дүниені, жан—жануарларды ,одан кейін барып ,топырақтан ең алғашқы адамды ,яғни Адам Атаны жаратқаны айтылады.

Ғылым саласында үлкен сұраққа жауапты ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин 19 ғасырда

«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу »атты еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің өзгергіштігін анықтап , қазіргі түрлерінің табиғи сұрыпталу жолымен ертедегі басқа түрлерден шыққанын дәлелдеді. Ал адамның арғы тегі маймылдардың ерекше бір түрі болып табылатынын баяндады.

Өте ерте заманда өмір сүрген адам тәрізді маймылдар мен адамдардың жер қыртысында сақталған қалдықтарын зерттеудің арқасында олардың басының көлемі кішірек ,қаңқа сүйектері жүрген кезде қолға сүйемелдеуге келетіндей болған .Яғни әр адым аттаған сайын адам мен хайуанаттар арасындағы айырмашылықтардың күшейе түсуі ,әсіресе адамдардың ойлау жүйесінің артуы, бұл қасиет «сана» деп аталады. Осы қасиеттің арқасында адам тәрізді маймылдар тастан түрлі күнделікті тұрмысқа қажетті құралдарды жасап, еңбек түрлерін қолдана білді.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқушыларға оқыту.

а) іштей ә) дауыстап тізбектей оқу

Сурет бойынша әңгімелету.



VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Алғашқы адамның жаралуы туралы ғылымда не дейді, діни кітаптарда не дейді?

-Адамның пайда болуы жайлы жазған ғалым кім? -Маймыл мен адамның ұқсастығы бар ма?

-Ерекшелігі неде деп ойлайсың?



VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 5,6,7 беттерді оқып, мазмұнын айту

    1. Бағалау.

2 Тақырыбы: Алғашқы адам.



Максаты: Алғашқы адам туралы түсінік беру .Өткен материалды меңгергенін тексеру.

Ой-өрісін, тіл байлығын, алғашқы адам туралы білімдерін дамыту.

Бірлесіп еңбек етуге , достыққа , тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Адам қайдан ,қалай пайда болды? (Оқушылардан мазмұнын сұрау). Алғашқы адам туралы мұражайдан білгендері болса, әңгімелету.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Алғашқы адам».

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Алғашқы адам қазақ жерінде бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған .Мұны археологтардың жүргізген зерттеулері дәлелдеп отыр. «Археолог» деген тарихты зерттеуші мамандар.Жердің даму тарихында «Мұз дәуірі»деп аталатын кезең болған. Бұл дәуірде жердің оңтүстігінде де, солтүстігінде де ауа райы күрт суытып ,соның салдарынан ормандар жойылып, оның орнына далалы жерлер пайда болды. Ормандарда тіршілік еткен маймылдар енді ашық жерде қалып қойды. Енді маймылдарға өз тіршілігін сақтап қалу оңайға соқпады. Суық желден ,азулы, тырнақты, жүйрік жыртқыштардан қорғануға, даланы кезіп, азық тауып жеуге бейімделу керек болды. Осындай суық ауа райына төзе алмағандары қырылып кетті. Ал тірі қалғандары таяқ,тас,сүйек сияқты заттарды алдыңғы аяқтарымен ұстап,солардың көмегімен жауларынан қорғанып, қорегін тауып жеді. Найзағай түсіп жанған отқа жылынды. Өртеніп өлген жануар етін жеп, оның шикі еттен дәмді екенін сезді.Қатал табиғат жағдайына бейімделгендері іріктеліп, сұрыпталып, жаңа жағдайға төзімділігін арттыратын белгілері дамып, жетілгендері ғана тірі қалды.

Табиғаттың өзі ағзаға әсер етті . Табиғи сұрыптау нәтижесінде көне дәуір адамы пайда болды. Бұны –табиғат перзенті деуге болады.

Қосымша материал бойынша алғашқы адамдардың пайдаланған құралдарын таныстыру.



Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Алғашқы адамдардың қолданған құралдарын, олардың біртіндеп даму кезеңіндегі қалыптасқан қасиеттерін теріп жазу.

3.Сурет бойынша жұмыс Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс 8,9,10 беттер Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап тізбектей



VII. Бекіту кезеңі: -«Мұз дәуірі» маймылдар тіршілігіне қандай өзгеріс әкелді?

-Маймыл адам мен алғашқы адамның негізгі ерекшелігі неде деп ойлайсың?

-Қазақ жерінде шамамен қанша жыл бұрын адам пайда болған?

Қорытындылау «Адамдардың алғашқы өмірі»деген тақырыпқа суретке қарап ауызша әңгімелеп беру.



VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 8,9,10, беттердіоқу ,мазмұнын меңгеру, сурет бойынша ауызша әңгімелегенін жазбаша орындау.

Бағалау Оқушыларды бағалап,күнделіктеріне түсіру.
3 Тақырыбы:Адамды адам еткен—еңбек.

Максаты: Жаңа тақырып мазмұнын түсіндіру, өтілген материал бойынша білімдерін тексеру.

Ойлау қабілетін ,тілін, сөздік қорын , ойын жүйелі түрде жеткізе білу дағдысын дамыту.

Еңбексүйгіштікке, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Гүл өсірсең терлеп, мұның аты—еңбек. Кесте тіксең зерлеп, мұның аты—еңбек.

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

ІІ Білімді тексеру кезеңі:

«Алғашқы адам»тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау. Бір-біріне сұрақ беру арқылы жұмыс жүргізу. 2. Қорытындылау Жазған әңгімелерін оқытып ,талдау.



IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адамды адам еткен-- еңбек»



V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Балалар, адам өмірінде еңбектің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?(еңбексіз өмірдің мәні жоқ екенін өздері түсінуі керек)

Адам мен маймыл ұқсас болғанымен тіршілік етуі мүлде бөлек.Маймылдар еңбек құралдарын кесіп, сындырып жасай алмайды. Нағыз еңбек тастан пышақ, балтаға ұқсас қарапайым құралдарды жасаудан басталған. Осы еңбектің арқасында адам маймыл тәрізді арғы тегі басқа жануарлардан күш-қуаты жағынан әлдеқайда жоғары тұрды.

Қол- еңбек мүшесі ғана емес ,еңбектің жемісі. Еңбектің арқасында қолдың еңбек құралы ретіндегі икемділігі қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жетіле берді;еңбек тәсілі де күрделене берді.Осының бәрі бүкіл ағзаның жетіліп, мидың көлемі мен салмағының артуына ,күрделенуіне, сезім мүшелерінің ,ақыл-ойдың дамуына зор әсер етті.Табиғи заттарды табу, өңдеу, пайдаға асыру тәжірибесі әкеден балаға өтіп отырды.

Еңбектің арқасында адам баласы өзінің арғы ата тегі ---жануарлар әлемінен бөлініп, дамудың жаңа сатысына түсті. Бұл жол—табын,үйір, отар,т.б. сияқты, жануарлар тобынан өзгеше өз заңы бар адамзат қоғамы деп аталады.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу. Өздік жұмыс.

«Алғашқы адамға еңбектің берген нәтижесі қандай болды?» Оқушылар өз ойларын қағазға түсіреді. Оқытып тексеремін.

Оқушыларға оқыту.

а) іштей

ә) дауыстап



VI. Бекіту кезеңі: Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша бір –біріне сұрақ беру.

VII. Үйге тапсырма беру кезеңі:11,12,13 беттерді оқу мазмұны. Бағалау.
4. Тақырыбы: Техника, құрылыс –ой мен еңбектің жемісі

Максаты: Өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.

Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, қиялын дамыту.

Ойға алғанын орындап үйренуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Адамды адам еткен не ? Еңбектің нәтижесінде адам қандай жетістіктерге жетті?

-Адамды неліктен табиғат перзенті деп атаған?Алғашқы адамдардың топтасып тіршілік етуі не деп аталады? «Қоғам» сөзі қайдан шықты?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Сурет бойынша әңгімелету.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Техника ,құрылыс—ой мен еңбектің жемісі»

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

- Балалар , біз ертегілерден ұшатын кілем, қанатты пырақ туралы жақсы білеміз. Адамның ойы мен қиялынан туған дүниенің шындыққа айналуы мүмкін бе?

(Өз беттерінше білгенін ортаға салады.)

Ерте кезде адамдар шіркін құс сияқты ұша алсақ деп армандаған. Ыбырай Алтынсарин атамыздың өлеңінде ...»Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» дегені де адам баласының қазіргі заманғы озық техниканы сол кезеңнен –ақ армандағаны белгілі.

Адам –табиғат перзенті. Ол табиғат ортасында өмір сүріп, тіршілік етеді.Адам тірі табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына таңданды. Оған қарап ,қиялдап ,ойланатын болды.

Құс сияқты ұшуды, балық сияқты жүзуді армандады.Ол кезде бұл тек қиял ғана еді.

Бірақ ойланудың,армандаудың,ынталанудың нәтижесінде «адам оны да жасай алады ғой»деген пікірге келеді.

Адам табиғат сырын,құпиясын зерделеді. Оның « техникасын» меңгерді. Құс пен инеліктің ұшуын бақылап—ұшақ, тікұшақ жасады. Бал арасының ұясын , ағаш жапырақтарының діңі ,бұтақтарының орналасуын,құрылымын,т.б. зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды, құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды. Адамның аса терең ойдың иесі болғандықтан ,тірі табиғатты сол күйінде қайталамайды. Ойынан туған техниканы , ғимараттарды өз жағдайына икемдеп, күнделікті тіршілікке ыңғайлап, қолайлы етіп жасап алады. Тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі --алдымен адамның ақыл-ойы .Адамға ой салушы ,жетелеуші табиғаттың өзі.



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқушыларға оқыту.

а) іштей ә) тізбектей дауыстап

-Балалар, адамдар мұнараны неге қарап жасады деп ойлайсыңдар?

-Биік өскен өсімдік мүшелеріне қарап жасаған.

-Көп қабатты үйлерді жасауда табиғаттың қосқан үлесі бар ма?

-Ара ұясына, биік ағаштарға қарап орындаған.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Адам неге табиғат перзенті аталады?

-Адам табиғат құпиясын қалай зерделеді? -Тақырып неге «Техника,құрылыс—ой мен еңбектің жемісі» деп аталады? -Адам ойымен ғарышқа да сапар шегеді дегенді қалай түсінесің?



VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:13,14,15 беттерді оқу, мазмұны. Бағалау.

5. Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұралар—адам ақыл-ойы мен сезім талғамының жемісі. Мәдени –тарихи мұраларды қорғау.



Мақсаты: Мәдени-тарихи мұралар туралы, оларды қорғау жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың ой-өрісін ,тіл байлығын, әлемнің жеті кереметі туралы түсінігін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын дамыту.

Тарихи мұраларды қорғауға, оларды мақтан тұтып жүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ . Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»кітабы, суреттер, үлестірмелер (тест сұрағымен), карта.(тарихи)

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа әзірліктерін тексеру.Зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?

-Адам ойлай білу қабілеті арқылы қандай жетістіктерге жетті?

- Ғимараттар мен техниканың пайда болуында адам үшін табиғаттың берері болды ма?

Оқушылардан мазмұнын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Д.М.1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Мәдени-тарихи мұралар—адам ақыл-ойы мен сезім-талғамының жемісі.Мәдени –тарихи мұраларды қорғау»

Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе:

-Мәдени-тарихи мұралар деген не? Мұра сөзін қалай түсінеміз?

-Тарих дегенді қалай түсінеміз? (қысқаша түсінік беру)

Адамның ақыл-ойының ұшқырлығынан туған қандай құрылыстарды білеміз?

(өзінің үйі, алып ғимараттар, көп қабатты үйлер,т.б.)

Адамның ақыл –ойы дами түсті. Тіршілігіне ,өміріне қажетті жағдайлар еңбек арқылы жасалды. Адам жан-жағындағы құбылыстарға қарап қуанды. Өзіне қауіптілерден қорқу сезімі туындады. Тарихтан белгілі Ұлы дала тұрғындары көшпелі өмір кешкен. Ғалымдар бұларды біздің халқымыздың ататегі деген болжам айтады. Көші –қонға қолайлы қой,ешкі,сиыр,жылқы қолға үйретіліп, мал шаруашылығы пайда болды.Көшпелі өмір—табиғи ортаға бейімделіп, тіршілік ету қажеттілігінен туындаған. Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңіре білген. Адам мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін жасады. «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі» көне дәуір мұраларына дәлел бола алады.

Тарихи мұраларға әлемнің жеті кереметі де жатады.

Грекиядағы тарихшылар әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады.



  1. Гизадағы Хеопстың ұлы пирамидасы

  2. Олимпиядағы Зевстің статуясы

  3. Галикарнастағы мазар(мавзолейі)

  4. Вавилондағы Семирамиданың аспалы бақтары

  5. Колосс Родосскийдің алып мүсіні

  6. Александрия маягы (манары)

  7. Эфестегі Артемида ғибадатханасы

Міне ,адам ақыл-ой еңбегі мен сұлулық-әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы деуге болатын тарихи дүниелер осылар.

Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы естігендерің бар ма?

Бұл да тарихта қалатын мәдени –мұра жемісі болмақ.


  1. Данияның Данфос Университетінде орналасқан «Кулумбус»көрме залы.

  2. Лондондағы «Уэмбли» стадионы,1 мезетте 90 мың жанкүйер сыйып кетеді.

  3. Нью-Йорктегі Манхэттеннің төменгі жағалауында бой көтерген « Қазіргі заманғы өнер мұражайы».

  4. Ұзындығы 300 метрлік болаттан салынған орындықтары бар Қытайдағы Танчже саябағындағы «Қызыл бау».

  5. Дубайда орналасқан биіктігі 518 метрлік көп қабатты үй.

  6. Қиыршық әйнектерден тұрғызылған Вашингтондағы Смитсонов институтының ауласы.

  7. Онтариондағы тұрқы бөлек Король мұражайының «Хрусталь» жаңа көрме залы.

Осындай мәдени –тарихи мұраларды болашақ ұрпақ білуі үшін біз оларды қорғауға тиіспіз. Мұндай өнер туындысы өнер адамдарының еңбегі мен ой-сезімінің жемісі.Оларды жасауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек.

Кейінгі ұрпақ қаншама уақыт өтсе де ,сол шеберлердің өнері мен еңбегіне сүйсініп, тамашалауда.Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың ,ұлттың рухани –мәдени ,ақыл-ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды. Біздің жеріміздегі «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі»т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер ЮНЕСКО –ның есебіне алынып, адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды.1953 жылдан бері елімізде тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралары есепке алынып келеді.

Олардың көбі күрделі жөндеуден өтіп,қалпына келтірілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет