Д.М.3 Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту Мәтінде аталған ескерткіштерді теріп оқу
Д.М.4 Дәптермен жұмыс
Күн ретін, ауа райын жазу.
ӨЗ еліміздегі көрікті құрылыс туындыларын жаздырту.
Әлемнің жеті кереметі орналасқан орындарды картадан табу( мұғалімнің көмегімен)
ІҮ. Қорыту
Оқулықта берілген тестік тапсырмамен жұмыс. (әр оқушыға жеке үлестірме ретінде тапсырылады.) Қосымша сұрақтар :
Елімізде тарихи құрылыс ескерткіштер қай жылдан бастап есепке алына бастады?
Еліміздегі қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өткізілді? «Қазақ елі »монументінің авторы кім? Оның биіктігі қанша метр?
Ү. Үйге тапсырма
15,16,17,18,19 беттерді оқу,мазмұны және дәптерге әлемнің жеті кереметін жазып келу. Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы мәлімет жинау.
ҮІ . Бағалау Оқушыларды бағалап , қатар бойынша қорытындысын шығару.
№6. Тақырыбы:Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері
Мақсаты: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу дағдысын дамыту. Табиғатқа жанашыр болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: -Біз қандай тарауды аяқтадық?
-Алғашқы адам жайлы ,оның дамуы жайлы не білдік?
-Мәдени –тарихи құрылыстар ,оларды қорғауды қалай түсінесіңдер?
-Әлемнің жеті кереметі туралы не білдіңдер?(жинаған материалдарын пайдалану)
Дәптерлерін аралап ,оқытып тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау «Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері»
Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе: Табиғат деп нені айтамыз?
Ойланып еске түсіреміз. 3 класта өткенді қайталайық. Табиғатты зерттеуде қандай басты әдісті қолданамыз? Өлі ,тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар еді?Табиғатты зерттеуде қандай шамалар мен өлшем бірліктер қолданылады?
Оқулық бойынша балаларға түсіндіру.
Д.М.3. Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту
Зерттеу қорытындысы бойынша берілген мысалдарды теріп оқып ,талдау.
–Өздерің бақылау әдісін табиғат аясында пайдаланып көрдіңдер ме?
Ғарыштан бақылау туралы не айта аласыңдар? Тәжірибе не үшін қажет?
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
- Адамдар нені бақылаған? - Ауа райын бақылау не үшін қажет деп ойлайсың?
- Өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақылау үшін не істеу керек?
-Аспан денелерін қалай зерттейді?
Ү. Үйге тапсырма: 22,23,24 беттерді оқу ,мазмұны. Дәптерге бақылау түрлерін кесте бойынша толтыру. «Бақылау күнделігіне »табиғатта байқағаныңды түсір.
ҮІ. Бағалау әр оқушыны жинаған фишкасына қарай бағалау.
№7. Тақырыбы: Бағдарлау
Мақсаты: Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау- бағдарлау туралы түсінік беру. Көкжиек тұстарын тұсбағар және табиғи белгілерге қарап табу жолдарын үйрету.
Ойлау қабілетін, сөздік қорын, әңгімелей білу дағдысын дамыту.
Сенімді болуға , тиянақтылыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,проблемалық.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,тұсбағар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Табиғатты зерттеу не үшін қажет?Оны зерттеудің қандай әдістері бар?
(мазмұнын сұрау) Дәптердегі сызбаны тексеру, «Бақылау күнделігін» тексеру
Үй тапсырмасын бекіту
-Антарктидаға ғылыми экспедиция шығып, бақылау жүргізу нәтижесінде нені білді?
-Барлық дәрі-дәрмекті пайдаланар алдында неге тәжірибе жасап көреді?
ІІІ.Жаңа сабақ Д.М.1. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау «Бағдарлау»
Д.М.2 . Кіріспе: көкжиек деген не еді , көкжиек сызығы ше?
Көкжиектің неше тұсы бар еді?
Егер сен туысыңа қонаққа барсаң, үйіне тауып бару үшін саған алдымен не керек болар еді? Елді мекенде көшесінің аты, үйдің реттік саны, жан-жағында орналасқан биік үйлер, ғимараттар ,т.б. арқылы тауып аламыз.
Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз? -Балалар , көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлу деп аталады. Көкжиек тұстарын тұсбағар құралымен анықтаймыз. Тұсбағарды көрсетіп ,оны таныстыру.
«Сен білесің бе ?» белгісіндегі тапсырманы оқушыға оқыта отырып, түсінік беру.
Көкжиек тұстарын табиғи белгіге қарап та анықтауға болады. Суреттерін көрсетіп ,көкжиек тұстарының оңтүстік және солтүстік тұстарында ерекше белгілер болатынын ұғындыру.
Д.М.3. Оқулықпен жұмыс
Тізбектей дауыстап оқыту. Суреттер арқылы көкжиек тұстарын бағдарлау.
Д.М.4. Дәптермен жұмыс Күн ретін, ауа райын жазу.
Жұлдыздардың атын, көкжиек тұстарын жазу
ІҮ. Қорыту -Балалар, бағдарлау деген не болды?
-Тұсбағардағы көк түс үнемі көкжиектің қай тұсын көрсетеді?
-Табиғи белгіге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?
-Тұңғыш тұсбағар қайда пайда болған?
-Тұсбағар қандай жерде ғана дұрыс бағдарлай алады?
Ү. Үйге тапсырма 24,25,26 -беттерді оқу, мазмұны. 27 -беттегі сарамандық жұмысқа берілген тапсырманы орындау. ҮІ. Бағалау.
Еңбекке баулу
Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағат
№1. Тақырыбы: Қатырма қағаз туралы түсінік. Қағаздан батпырауық жасау.
Мақсаты: 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан батпырауық жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту; 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі Тақырыбын,мақсатын хабарлау
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі
Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.
Батпырауықтың түрлерімен таныстыру: қағаздан жасалған батпырауық, полиэтиленнен жасалған батпырауық Сергіту сәті:
ІҮ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 2 Сұрақ-жауап Қатырма қағаздың қандай түрін білесің? Батпырауықтың ше?
3 Қағаздан батпырауық жасау 4 Техника қауіпсіздігі
Ү. Бекіту кезеңі:Қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 4-9 бет оқу, бағалау
№ 2.Тақырыбы Қатырма қағаздан қорап жасау
Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету, білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: қорап үлгісі
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?
Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады. Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.
- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?
ә) оқулықпен жұмыс. б) қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.
2. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.
3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.
4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.
5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.
6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.
7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.
8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.
9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.
Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. ҮІ. Бағалау..
№3. Тақырыбы: Құстарға жем салатын қорап жасау. Қалам салғыш құрастыру.
Мақсаты: 1. Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қорап жасауды үйрету, қалам салғыш құрастыру; 2.Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, желім, қайшы.
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру. 1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?
ІV. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі
Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.
Пысықтау: 1. Қораптың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Қалам салғыш құрастыру үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз. 3. Қатырма қағазды цилиндр пішінді етіп бүктеп, желімдейміз.
4. Қатырма қағаздан бас киімін жасаймыз. Ол үшін бас киім дайындамасын конус тәріздес етіп қиып, екі жағын бір-біріне жалғап жапсырамыз.
5. Түрлі-түсті қарындашпен адам бейнелі қалам салғыштың көзін, аузын салып, киімін көркемдейміз. Одан кейін бас киімін кигіземіз. Қалам салғыштың аяғын желімдеп бекітеміз. ә) оқулықпен жұмыс.
V. Бекіту кезеңі Қорытындылау.ҮІ. Бағалау.
№4. Тақырыбы: Ою-өрнек қию. «Қошқармүйіз» оюын жасау.
Мақсаты : Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді құрметтеуге дағдыландыру, еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.
Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеуКөрнекілігі: ұлттық киімдер.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қайшы.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру1. Қандай ою түрлерін білесің? 2.Оюларды қайда қолданамыз?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі.Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.
ә) оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз. 2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.
3. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз. 4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.
5. Қиып алынған өрнекті ашамыз.6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. 7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
Ү. Бекіту кезеңі Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
№5. Тақырыбы: Жұқа фольгадан әріп жасау.
Мақсаты: Оқушыларға жұқа фольгадан әріп жасауды үйрету; Ой-өрісін кеңейту; Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгіме Көрнекілігі: кесілген әріптер.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: жұқа фольга, қарындаш, сызғыш, қайшы.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру 1.Қандай ою түрлерін білесіңдер?
2.Өрнекті тұтас қиып алу мен шексіздікке ұластыра оюдың ерекшелігі неде?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі: Фольга – жұқа , жылтыр материал. Оны өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданады. Сондай-ақ, ол – бұйымдарды әшекейлеу, көркемдеу үшін де таптырмайтын материал.
ә) оқулықпен жұмыс.
Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті: Фольгадан әріп жасау үшін алдымен жұқа фольганы тегістеп аламыз.Тегістелген фольгаға көрсетілген өлшем бойынша қарындаш және сызғыштың көмегі бойынша әріптердің сызбасын түсіреміз. Олардың биіктігі 5 см, жалпақтығы 1 см шамасында. Берілген өлшемдер бойынша әріптерді фольгаға түсіргеннен кейін қайшымен қиямыз. Оқушылардың еңбегін, орындалу ретін қадағалау.
V. Бекіту кезеңіҚорытындылау. Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік? Сендерге ұнады ма? ҮІ. Бағалау Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: фольгаға өз аттарыңды немесе фамилияларыңды жазып, қиып алыңдар, қатырма қағазға желімдеңдер.
№6. Тақырыбы: Қатырма қағаздан және фольгадан маска жасау.
Мақсаты : Оқушыларға жаңа жылдық мерекеге арналған маска жасап үйрету; Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: маска түрлері.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қарындаш, қайшы, кеңсе пышағы, қылқалам, балға, біз, фольга, қалып үлгі.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру1. Фольга қандай материал? 2.Оны қандай мақсаттарда пайдаланады?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен жаңа жылдық мерекеге арналған масканы жасап көрейік.
ә) Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1. Қатырма қағаз бетіне қалып үлгіні қойып, мысықтың бет пішінін сызып аламыз.
2. Сызылған орны бойынша қағазды қиямыз. 3. Қалып үлгіні масканың үстіне қойып, қаламның көмегімен барлық нүктелерді белгілейміз. 4. Көздің орнын оямыз.
5. Барлық нүктелерді бізбен ақырындап тесіп шығамыз.
6. Тесіктердің үстінен пышақтың ұшымен ойықтар жасаймыз.
7. Ұрттарын қиып аламыз. 8. Масканың ішкі жағынан, құлақтың тұсынан резеңкенің екі ұшын желімдейміз. Үстінен төртбұрыш қағаз жапсырамыз.
9. Құлақтары мен ұрттарын ішке қарай қайырамыз. 10. Ұрты сәл томпайып тұру үшін кесілген жерлерін біріктіріп желімдейміз.
11. Масканың көзін, ұртын, құлағының шетін фольгамен әшекейлейміз.
Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Масканы дайындау үшін қандай материалдарды пайдаландыңдар?ҮІ. Бағалау
№7. Тақырыбы Матамен жұмыс. Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы.
Мақсаты : Оқушыларды мата түрлерімен таныстыру, матаның қасиеттері мен ерекшеліктері туралы түсіндіру, жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызы, жіпті матаға түйінсіз бекітуді үйрету; Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту; Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. .
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: мата түрлері.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : әр түрлі мата қиындылары, қайшы, желім.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру 1. Матаның қандай түрлерін білесіңдер? 2. Жіпті қалай түйіндейміз ?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі Мата түрлерімен таныстыру. Матаның қасиеттері мен ерекшеліктеріне тоқталу. Жіпті түйіндеудің ерекшелігі мен маңызын түсіндіру, көрсету.
Ү. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.Суретпен, көрнекілікпен жұмыс.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.Сарамандық кезең. Еңбек қауіпсіздігін сақтау.
А) Мата қиындыларын жапсырмалау, үлгісін көрсету. ә) Жіпті матаға түйінсіз бекіту.
Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Жапсырмалау деген не? Ұлттық киімдерді матаның қай түрінен тіккен дұрыс?
ҮІІ. Бағалау. ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Оқу. Жіпті матаға түйінсіз бекіту тәсілін жаттығып үйрену.
№8. Тақырыбы: Тігіс түрлері.
Мақсаты : Оқушыларды тігіс түрлерімен таныстыру. Олардың бір-бірінен айырмашылығын ұғындыру. Есте сақтау қабілеттерін, қол икемін дамыту.
Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Сабақтың типі : аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: Тігіс түрлері көрсетілген мата қиындылары.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар : мата қиындылары, ине, жіп, қайшы.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру 1. Қандай тігіс түрлерін білесіңдер? 2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Қолмен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.
Тігіс түрлері: қиғаш тігіс – бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымының арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай (төменнен жоғары), келесі тігіс солдан оңға (жоғарыдан төмен) қарай айқасады.
Ілмек тігісі матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
Ү. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру.Сарамандық кезең. Еңбек қауіпсіздігін сақтау.
Тігіс түрлері матаға орындап, альбомға жапсыру.
Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау.Қандай тігіс түрлерімен таныстық? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде ?ҮІІ. Бағалау.
№ 9. Тақырыбы: Тігін құралдарын салатын бұйым жасау.
Мақсаты :Оқушыларға тігін құралдарын салатын бұйым жасауды үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Тігін құралдарын салатын бұйым.
Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: үш түсті мата, ине, жіп, қайшы, қатырма .
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру 1. Қандай тігіс түрлерін білесіңдер? 2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен тігін құралдарын салатын бұйым жасаймыз. Әрбір үйде тігін ісіне қажетті ине, жіп, түйме, қайшы, өлшегіш және т.б. құралдар бар. Оларды шашылып қалмас үшін арнайы орында сақтайды. Ондай бұйымды қобдиша түрінде жасайды немесе іліп қоюға ыңғайлы етіп матадан, былғарыдан тігеді.
Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей. ә) Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Ұзындығы 30 см, ені 12 см болатын мата қиып ал. 2. Оны тігінен дәл ортасынан теріс бетіне бүкте. 3. Матаның теріс бетінің жоғарғы және төменгі жағына жүрек пішінін белгілеп алып, матаны белгі бойынша қи.
4. Көлемі 7 см х 7 см және 4 см х 4 см екі түсті матадан шаршы пішінді бөлшек қиып ал.
5. Жүрек пішінді матаның оң бетінің төменгі жағына үлкен көлемдегі шаршы матаны айқас тігіспен тігіп шық. 6. Екінші шаршы матаға қиғаш тігісін қолдан. 7. Жүрек пішінді бұйымды екіге бүктеп, жиегін ілмек тігіспен тігіп шық. 8. Жасаған бұйымыңа ілгек жаса және шашақпен безендір.
Ү. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Бұйым жасау барысында қандай тігістерді қолдандыңдар? Жасаған бұйымдарыңа қандай заттар салуға болады?ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма. Бұйымды өз бетіңше әшекейле.
№10. Тақырыбы: Ілгек, ілмек, тойтармалы түйме қадау.
Мақсаты : Оқушыларға ілгек, ілмек, тойтармалы түйме туралы түсінік бере отырып, олардың бір-бірінен айырмашылығын, не үшін қолданатыны туралы айту, матаға қадап үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеуКөрнекілігі: түйме, ілгек, ілмектер.Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата қиындылары, қайшы, ине, ілгек, ілмек, тойтармалы түймелер, қарындаш немесе бор.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру Тігін құралдарына не жатады? Тігіс түрлерін есімізге түсірейік?
ІҮ. Жаңа сабақ а) мұғалімнің түсіндірмесі. Ілгек, ілмек,тойтармалы түймелерді киімнің немесе бұйымның екі бөлігін бір-біріне бекіту үшін қолданады. Оларды қадау үшін орналасатын орнын белгілеу қажет, себебі ілгек пен ілмек және тойтармалы түйменің үсті мен асты бір-біріне дәл түсуі тиіс. Ілгек, ілмектің көлемдері ұзын, орташа, қысқа және жуан-жіңішке болады. Сол сияқты тойтармалы түйменің де диаметрі үлкен-кіші, жуан-жіңішке болып келеді. Олар темірден, қазіргі кезде түрлі-түсті пластиктерден де жасалынады. ә)Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
Ү. Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Бір түсті орташа қалыңдықтағы матадан ұзындығы 15 см, ені 10 см екі қиынды дайындап аламыз.
2. Мата қиындыларының жиегінен 4 см-ден қалдырып ілгек, ілмек тойтармалы түйме қадайтын орын белгілейміз.
3. Мата қиындысының біріне ілгек пен ілмекті қадаймыз. Екінші мата қиындысына тойтармалы түйменің үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігін тігеміз. Оларды ілгенде ілгек пен ілмек, тойтармалы түйме бір-біріне сәйкес келуі керек.
ҮІ. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сендерге ұнады ма?
ҮІІІ. Бағалау.Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.
№11. Тақырыбы: Құс панносын тігу.
Мақсаты: Оқушыларға « Құс» панносын жасауды үйрету; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: әр түрлі паннолар. Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: мата, қатырма қағаз, мақта немесе паролон, түйме, бау, желім, қайшы.
Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |