Сабақтың түрі Аралас сабақ Қажетті құрал-жабдықтар



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі29,73 Kb.
#183067
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
docx1608138305
docx1545765360, docx1543948314, 1602862635-Теміржол бекетінде, Саба ты та ырыбы «Жасыл ел», Қазақ тілі . Қазақтар – ұлы дала мұрагері 9-сынып (1)

Сабақтың тақырыбы

Қызыл кітап.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу базғдарламасына сілтеме)

5.О.5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта ,тақырыпқа қатыста слайдтар, кітап, тақта, бор, парақ, маркерлер мен плакаттар, көрнекілік құралдары.

Оқыту әдістері

«Жасырын смайлик», «Броундық қозғалыс», «Радиоға қоңырау шалу»

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Сабақтың басы



Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасады,түгендейді.Назарларын сабаққа аудартады. Кезекшімен сұхбат жүргізеді.


Үй тапсырмасын тексеру.
«Жасырын смайлик» әдісі


Қызығушылықты ояту: Бейнеролик Қызыл кітап туралы қызықты деректер

  • Бейнеролик не туралы?

  • Неліктен «Қызыл кітаптың» парақтары түрлі түсті?


Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады.
Қай партаның астында смайлик жасырын тұрса, сол жұп үй тапсырмасы бойынша жауап береді.


ІІ.Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

1-тапсырма. «Броундық қозғалыс»
Мәтінді оқып, талдаңдар.
1-топ.
Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзін­ше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, бірақ қорқақ емес, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін, бірақ өзінің есесін ешкімге де жібермейтін, айнала төңірегіндегілерді ақырып-бақырмай-ақ, айрықша шалымдылығымен өзін сыйлата алатын текті жануар.


2-топ
Қазіргі кезде Алтайдың еліміздің аумағына тиесілі шыңдарында он қар барысы мекен етеді. Қызыл кітапқа енген аңның есебін ғалымдар соңғы рет 2001 жылы шығарған екен. Таудың басында күн қатып, түн қатып, барыс санау да оңай шаруа емес. Оның үстіне асқаралы биікте адамның жүріп-тұруына қиындық келтіретін табиғаттың тым қаталдығы, әккі аңның екі аяқтының көзіне түспейтін епсектігі тағы бар. Сондықтан арнайы мамандар анкета толтырып, қар бетіне түскен ізді сараптап, келесі ізбен шатастырмау үшін өшіріп, фототұзақ (фотоловушка) құрып, тіпті тезегіне дейін теріп санап, есебін шығарады. 
3-топ.
Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет