Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Қарағым” өлеңі
Сабақтың мақсаты: М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру. Ақының “Қарағым” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, оқу, білім алуға деген оқушылар ынтасын қолдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: мәнернлеп оқу, талдау, баяндау, кестемен жұмыс, көрнекілікті қолдану
Көрнекілік: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар
Пәнаралық байналыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру
III Жаңа сабақ:
М. Жұмабаев туралы оқулық материалымен танысу.
Сөздік жұмысын өткізу:
жаны нәзік
сыршыл ақын
дәл бейнеленеді
көзі жұмғылғанша
бостандық
аңсаумен өтті
Сөздікте берілген сөздердің қолдану аясын анықтау. Мысалы:
Сыршыл ақын. Сыршыл ақын сезімдерін нәзік бейнеленген. Сыршыл ақын- М. Жұмабаев.
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кесте толтырып, оны жауаптарында пайдалану:
-
Маңызды оқиғалар
|
Жылдар
|
Шығармалары
|
|
|
|
Ақынның өмірбаянынан “Қандай?”, “Қайда?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазу.(Тақтаға шығу)
Қандай?
|
Қайда? Сөз тіркесі
|
Сөйлем
|
|
|
|
“Қарағым” өлеңімен жұмыс:
а) өлеңді мәнерлеп оқу;
ә) өлеңге берілген сөздікпен жұмыс:
Қарағым
Құр қаларсың
Босқа
Кідірме, аяңдама
Ұмтыл
Қолың серме
Қарап қалмас
Жан жетпес
Көңілі жүйрік кемеңгер
Құр қалтақтап жүргенменен
б) өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:
-ақын өлеңі кімдерге арналған?
Мағжан ағаларың балаларды қандай болуға шақырады?
“Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл берме.” – деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
в) өлең түйіні берілген жолдары табу, мағынасын ашуға тырысу.
IV Сабақты бекіту
Ақын өлеңін Ы. Алтынсарин атаның “Кел, балалар, оқылық!” өлеңімен салыстыру. Қандай ұқсастық тапқандарын көрсету.
“Қарағым” “Кел, балалар, оқылық!”
|
Ұқсастықтары
|
|
V Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау
Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталасымен сұхбат құру.
VI Үй тапсырмасы
1 Өлеңді жаттау.
2. Өнер-білім, оқу туралы мақалдарды дәптерлеріне жазып келу, естеріне
сақтау.
Сабақтың тақырыбы:Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) “ Әнші” әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру. Ақынның “Әнші” әңгімесінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету.
Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба, үнтаспа
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.
I Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Қаңтардың қай күні?
II Үй тапсырмасын тексеру.
А. Байтұрсынұлы “Егіннің бастары”
Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.
III Жаңа тақырып.
Ақын туралы оқулықта берілген мәтінмен жұмыс:
А) “Сұрақ-жауаппен қатынас” техникасын пайдалану.
3 оқушы екі сұрақтан дайындап, оны қағазға жазып, басқа оқушыларға беріліп , ал олар жауап береді. Егер жауап болмаса келесі оқушыға беріледі.
Жұмыс соныңда барлық сұрақтар мен жауаптар оқылып, тақтаға жазылады.
ә) сөздік жұмысын өткізу:
сыншы
аудармашы
сауат ашады
шығаруға көмектеседі
ел қорғаны
б) Тақтада көрсетілген кестені толтыру:
-
Ақын Жылдар
|
Маңызды оқиғалар
|
Шығармалары
|
|
|
|
IV Бекіту
Ақынның “Әнші” әңгімесімен жұмыс:
а) әңгіме мәтіні үзіндісі үнтаспадан тыңдалады.
ә) әңгімеге берілген сөздік:
ойын-сауық күйледі
айт ынтық едім
ат жарыс қомданып алды
үй қыдырған
көкке шыққан
масайраған шат көңіл
сырнай-керней
қызық думан
жеңеше
б) Әңгімені мәнерлеп оқу, және аударып отыру.
Сұрақтарға жауап беру. Деңгейлік жұмыс.
1 Жетішатыр қандай қала?
2 Бұл қала қазір қалай аталады?
3 Шәкет кім?
4 Әншінің аты кім екен? Студенттер әншіні қандай мейрамға шақырды?
1 Қымыз деген не? Ол қалай дайындалады? Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
Әмірқанға мінездеме беріңдер, дәптерлеріңе жазыңдар.
Әмірқаннның жұртты сүйсіндірген іс-әрекеттерін мәтіннен тауып, жазып алыңдар.
4 Әншінің сахнада өзін қалай ұстағанын суреттеңдер. Оқып беру.
V Қорытынды.
“Көктем келді “ Ш. Қалдаяқовтың әнінің әуенінде.
Ән айтып отырғанда, өздерін қалай сезесіңдер?
VI Үй жұмысы. Ж. Аймауытов. Әнгімені оқу.
VII Бағалау
Сабақтың тақырыбы:Бейімбет Майлин (1894-1938)
Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.
Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.
Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.
I Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Қаңтардың қай күні?
II Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.
III Жаңа тақырып. Кіріспе.
Ұлттық әдебиетіміздің классигі Б. Майлин әдебиет жанрларының қалыптасуы мен дамуына үлкенүлес қосты. Оның қаламынан екі жүз елуге жуық өлең, жүзден артық прозалық және драмалық шығармалар, опералық либреттолар туды. Б. Майлин - әңгіме жанрының, фельетон өлеңдердің хас шебері.
Ақын туралы оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Хас шебер
Табиғилық
өмір шындығы
нақты суреттейді
қаламгер
Сөздермен лексикакалық жұмыс орындау.
3. Жұппен жұмыс: берілген мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасау, баяндап беру.
1894 жылы Қостанай облысының Троицк Уәзифа медресе,
Таран ауданында туған Қостанай орыс-қазақ мектебі
Уфа Ғалия медреседе оқыған
Бейімбет Майлин
Мұғалім болды сатирик
Жазушы
Шығармалары
Өлеңдер: “ Мырқымбай”, “Кедейдің кейістігі”, “Қазақ туралы”
Повесі: “Шұғаның белгісі”
Поэмалар: “Кемпірдің ертегісі”, “Маржан”
IV Бекіту .“Ой-тапқыр оқушы” оқыта үйрету ойынын ойнау.
Ойын шарты: 2 оқушы жүргізуші болып сайланады. Оқушылар мәтінді (Бейімбет өмірбаяның) бір рет жылдам және мұхият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа нұсқада болуы керек. Қай оқушы көп сұрақтарды қойды, сол “Ой-тапқыр оқушы” анықталады.
V Қорытынды. Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
“
VI Үй жұмысы. “Бейімбет не Майлин” сөздеріне негіздеп сөзжұмбақ құру
VII Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.
Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Абай қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы екендігі, шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне назар аударып, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.
Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.
I Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешісі?
II Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.
III Жаңа тақырып. Кіріспе.
Абай-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің Бас ақыны. Абай Құнанбаейұлы-қазақ сөз өнерінің әлемдік деңгейге көтерілген ұлы өкілі.
Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын қарасөз үлгісінде де жазған. Қарасөздерінде ол тәлім-тәрбиелік мәні терең ойларын шебер жеткізеді.
Сөздік жұмысы:
Бас ақыны
Сөз өнерінің өкілі
әлемдік деңгей
тіл кестесі
тұжырымдар
қарасөз
тәлім-тәрбиелік мәні
Тақтада көрсетілген кестені толтыру:
Жылдар
|
Маңызды оқиғалар
|
Шығармалары
|
|
|
|
Қосымша материалдармен жұмыс:
Абай туралы мәтінді түсініп оқу.
Сұрақтарға жауап беру:
-Абай қай жерде туған?
-Абайдың шын аты кім?
-Абай қандай білім алған?
-Қандай орыс классиктерінің шығармаларыноқыған?
-мәдениет пен білімге арналған қандай өлеңдері бар?
-Абай кімдердің шығармаларын аударған?
-Крыловтан қандай мысалдарды аударған?
-Абай қай жылы қайтыс болды?
IV Бекіту
жұппен жұмыс: берілген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру. Сызба бойынша бір-біріне “Абай туралы мен не білдім?” тақырыбына сұхбаттасу.
1904 жыл өлеңдері аудармалары
Абай орыс тіліндегі шығармалары
әжесі Зере, анасы Ұлжан мысалдары
Ахмет-Риза медресесі
V Қорытынды. Оқушыларға сұрақ
-Абайдың балалық шағын қалай елестетесіңдер?
-Бала Абай қандай болған деп ойлайсыңдар?
-Ойларыңды, пікірлеріңді ортаға салыңдар?
VI Үй жұмысы. VII Бағалау
Оқушының аты – жөні
|
Сұрақтарға жауап беру
|
Жұппен жұмыс
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |