Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар



Дата26.08.2017
өлшемі44,68 Kb.
#29350
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Уақыт. Сан есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты:Уақыт туралы түсінікті кеңейте отырып,күнделікті қоршаған ортада қолдануды үйрету

а.Күрделі сан есімнің жазылуы;әр сыңары бөлек цифрамен жазылғанда дефистің қойылу мәселелерін түсіндіру

ә.Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б.Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап



Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Мың кісінің түрін білгенше

элементтерін қолдану: бір кісінің атын біл.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет
Сабақтың барысы:

А.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мұғалім балаларға сұрақ қояды.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Есептік сан есім дегеніміз не?

5.Реттік сан есім дегеніміз не?

6.Жинақтық сан есім қандай сұраққа жауап береді?


Сөздікке мұғалім жаңа сөздерді жазғызады.

Күнпарақ,апта атаулары,мереке күндер,әр түрлі,күн тәртібім,қай уақытта,кетті,қалды, тәулік, көрсетіледіқанша уақыт

Тақтада мынадай кесте ілулі тұр.

Егер



Менің күн тәртібім

Күнпарақ – деген не?

Сағат неше?


Ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер



Сен қай ауысымда оқисың?

Мектепке үйден сағат нешеде шығасың?

Бірінші сабақ нешеде басталады?

Соңғы Сабақ нешеде аяқталады?

Сағат нешеде тұрсың?



Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек,

қазан, қараша, желтоқсан.






Кетті

1-ден, 2-ден, 3-тен, 4-тен, 5-тен, 6-дан,

7-ден, 8-ден, 9-дан, 10-нан, 11-ден, 12-ден.

Қалды

1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке, 5-ке, 6-ға, 7-ге, 8- ге,

9-ға, 10-ға, 11-ға, 12-ге.




Сен нешеде оянасың?

Таңертеңгі асты нешеде ішесің?

Қай уақытта үйге келесің?

Қанша уақыт үй тапсырмасын

орындайсың?



Таң сәрі – ранне утро, сиыр сәске – начало утра,

сәске түс – полдень, 12 часов, ұлы сәске – полдник, время к вечеру



Ә.Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мыс:жүз бір,жиырма бесінші.

2.Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.Мыс: Ол 25-ке толды.

3.Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағының орнына дефис жазылады да,рим цифрымен берілсе,дефис қойылмайды Мыс:5-сынып,23-қаңтар, III том т.б.

Күн , жыл аттарымен тіркеліп келген сан есімдер араб цифрымен берілмесе де,дефис қойылмайды.Мыс: 2010жыл,7қазан

4.Екі,алты,жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің –ау,-еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің сонындағы қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады.Мыс:Екі-екеу,алты-алтау,жеті-жетеу.

5.Болжалдық сан есімдер цифрымен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады. Мыс:100-деген, 1000-даған.

Сергіту сәті:
Мәтінмен жұмыс: 178-жаттығу. Өлең жолдарын оқып,септеліп тұрған сан есімдерді мағыналық жағынан ажыратып,оларды қай септікте тұрғанын айтады.

Бүкіл оқушылармен жұмыс: Мына сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Екі-екіден,бес-бестен,он-жиырмадан,отызға жуық,0.5 ,оныншы, жетеу.

Білімді бекіту:

1.Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

2.Рим цифрымен берілген сан есімнен кейін реттік сан есім қалай жазылады?

Бағалау:Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: 181-жаттығу.Мәтінді жазып,сан есімдердін мағынасына қарай түрлерін ажырату.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет