Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Көрнекілігі: слайдтар,әдістемелік құралдар



Дата18.02.2017
өлшемі93,38 Kb.
#10398
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер Сабақтың мақсаты:

– Логикалық есептерді шығару әдістемесін түсіндіруде физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге дағдыландыру. –Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, алған білімдерін бекітуге,іскерлік дағдыларын арттыру. – Оқу материалының ең негізгісін тандап алуға, бар қабілеттерін дұрыс пайдаланып, жауапкершІлікпен жұмыс жасауға жатгықтыру


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайдтар,әдістемелік құралдар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау II.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру III . Физика заңдылықтарын басшылыққа ала отырып логикалық ой түйіндеу арқылы есептер шығару Мысалы: №l. (Денелердің жүзу шарты) Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды? Шешуі: Денелердің жүзу шарты бойынша егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан аз болса, онда дене бетіне қалқып шығады. Керосиннің тығыздығы аз болғандықтан су бетіне қалқып шығып жана береді.

№2 (Жылуөткізгіштік). Көмір шоқтары металл табақшада тез сөнеді, ал ағаш тақтаның үстінде ұзақ уақыт бықсып жанады. Неге? Шешуі: Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі де түрліше болып келеді. Металл ағашқа қарағанда жылуды жақсы өткізеді. Сондықтан металл көмір шоғының энергиясын өзінен тез өткізіп, оны көмір жанатын температурадан төмен температураға дейін тез суытады. Ал ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен аз болғандықтан көмірді баяу сөндіреді. № 3 (Идеал газдың ішкі энергиясы) Массасы m, температурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеп табындар. №4 (Электр сыйымдылығы) Сыйымдылықтары С1, және С2 жазық конденсаторлар U1және U2  потенциалдар айырымына дейін зарядталған (U1≠U2). Осы конденсаторларды параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін көрсетіңіздер. Неге олай болады? №5 (Архимед күші) Суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме?  №6 (Энергия) Дененің жылдамдығын екі есе азайтып, массасын 2 есе арттырғанда кенетикалық энергия қалай өзгереді? №7 (Жылу құбылыстары) Суы бар ыдыста жүзіп жүрген мұз кесегі еріген кездегі, судың деңгейі қалай өзгереді? №8 Массасы 1 кг арбаша 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның энергиясын 2 есе арттыру үшін атқарылатын жұмыс №9 Массасы 10 кг дене 20Н күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с-ге арттырса, күш әсері созылатын уақыт №10 Тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығың 4 есе арттырса, контурдағы еркін электротербелістердің периоды

Тест тапсырмаларын талдау

Сабақ жоспары

Күні: ____

Пән мұғалімі: К.С.Смагулова Академик О.А.Жаутыков атындағы №1жалпыға білім беретін қазақ орта мектебінің физика пән мұғалімі Қарағанды облысы, Қарақаралы қаласы

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару барысында формулаларды тиімді қолдану әдістері

Сабақтың мақсаты: – оқушылардың білімін нақтылап, тереңдету үшін есеп шығаруда физикалық формулаларды тиімді қолдану

– оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде, формулаларды практикада қолдана білуге дағдыландыру –Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слаидтар,әдістемелік құралдар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау II.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру III . Таңдалып алынған тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер №1 Автомобиль100км қашықтықтың бірінші жартысын 40 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығын табу керек. №2 Кітаптың массасы 500 г, үстелдің биіктігі 80 см. Еденге қатысты кітаптың потенциялық энергиясы (g = 10 м/с2) № 3 Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с, массасы 10 г. Егер траекториясының ең жоғарғы нүктесінде оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан.

№4 78 Н күштің әсерінен 1 м/с2 үдеумен қозғалған көлемі 100 см3 дененің тығыздығы



№ 5 Шексіз ортада центрлерінің арақашықтығы 20см екі шар орналасқан. Көлемдері 20см3 және 40см3, ал тығыздықтары 1000кг/м3 және 2000кг/м3 осы шарларға әсер ететін күшін анықтаңдар? №6 Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5кН. Үйкеліс коэффиценті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шанасының массасы () №7 Индукциясы 2 мТл магнит өрісінде электрон 107 м/с жылдамдығымен ұшады. Электронның айналу периоды

(; )

Тест тапсырмалары

Сабақ жоспары

Күні: ____

Пән мұғалімі: К.С.Смагулова Академик О.А.Жаутыков атындағы №1жалпыға білім беретін қазақ орта мектебінің физика пән мұғалімі Қарағанды облысы, Қарақаралы қаласы

Сабақтың тақырыбы: Экспериментті және графиктік есептерді шешу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: – оқушылардың білімін нақтылап, есеп шығаруда графиктік тәсілдерді қолдану

– оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде, практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру –Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слаидтар, әдістемелік құралдар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау II.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру III . Мазмұнына қарай графикпен және сапалық-сұрақ берілген есептер. 1 Суреттегі графиктен изохораны табыңыздар.



№2 Массасы 5 кг денегі қарама-қарсы бағытта F1 және F2 күштер әсер етеді. Егер күштер Ғ1 =12 Н және F2 =8 Н болса, дененің алатын үдеуі және қозғалыс бағыты №3. Көкжиекке 300 бұрыш жасай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы () №4. Суреттегі денеге әсер ететін F күштің жұмысы.

№5. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің графигі арқылы, массасы 20т автобустың, кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болған жағдайда 20 с ішіндегі кинетикалық энергияның өзгерісі



№6. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы №7. F1, F2, F3, F4 (суретте) күштерін қосудың ОX осіне проекциясы



№8. 54 км/сағ жылдамдықпен көкжиекке 600 бұрышпен бұрыла қозғалған мотоциклшінің сызған дөңгелегінің радиусы (;) №9. Суретте газдың көлемінің температураға тәуелділік графигі берілген. Изобаралық сәйкес келетін график бөліктері.

№10. А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі (сурет)мына вектор бойымен бағытталған.

Тест тапсырмаларын талдау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет