|
|
|
Орта мерзімді сабақ жоспары . Әдебиеттік оқу
«Өрлеу»ҰБАО АҚ қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсының III базалық деңгейінің сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі: Шабленова Гульдина Азкеновна. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп.
|
Сыныбы
|
4 А сыныбы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Б. Соқбақбаев «Қамқорлық»
|
Сабақтың мақсаты
|
Шығарма мазмұнынан жан жақты мағұлмат ала отырып, негізгі ойды сыни ойлау арқылы түсіну, идеяны ұғыну және өзін-өзі реттеу.
|
Сабақтың міндеті
|
« Қамқорлық» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды түсіну , идеяны ұғыну, өзін-өзі реттеуді қалыптастыру ,сыни ойлауға машықтану , жаңа білімді ұштай білу , жеке пікірін айта алуға әрекеттену .
|
Күтілетін нәтиже
|
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты , шығармашылық қабілеті дамыды ,топпен жұмыс жасауға қалыптасты, өзін өзі бағалай білді .
|
Әдіс - тәсілдер
|
«Жетістіктер тоғайы» ,«Топқа бөлу»,«Алтын ереже» ,«Стоп кадр », « Уақыт шеңбері», «Жолға белгі қой», «Де бононың қалпағы» , Рефлекция : «Әткеншек » өзін өзі бағалау , смайликтер .
|
Жұмыстың белсенді түрлері
|
Жұптық , топтық жұмыс , өзін өз бағалау , ынтымақтастық , бірін бірі оқыту .
|
Бағалау
|
1.Табыс критерийлері : 2.Топтың толық жұмыс жасауы . 3.Тақырыпты қамтуы . 4.Өзіндік ой қосуы . 5.Сұрақ қоя отырып , диалог түсіп , мәтіннің мазмұнын аша алуы . 6.Шығармашылық жұмыс . 7.Уақытты дұрыс пайдалана алуы .
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру кезеңі«Жетістіктер тоғайы»Мақсаты:(психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.) «Топқа бөлу» Мақсаты:(оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлу)
«Алтын ереже»Мақсаты: (Қалыптасқан ережені еске түсіру)
|
Оқушылардың түрлі түсті жапырақтарды пайдалана отырып , жылы лебіздер айтуларын ұйымдастырады.,.
Геометриялық пішіндер арқылы бөлу,сабақ барысындағы жүргізілетін жұмыстың ретін түсіндіру.
Топтарды «Алтын ережені» еске түсіру арқылы ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақыру .
|
Оқушылар түрлі түсті жапырақтарды таңдап алып, түстердің мағынасын ажыратып , жылы лебіз тілейді.
Геометриялық пішінге байланысты топқа бөлініп отырады.
Бірлесе отырып алтын ережені еске түсіру,бірлесіп жұмыс атқару.
|
Тамаша. Ауызша мадақтау.
Жақсы ,жарайсыңдар!!!
Тамаша !!
|
Интербелсенді тақта, түрлі түсті қағаздар.
Геометриялық пішіндер
|
Тұсау кесер
Білу .
Түсіну .
|
Үй тапсырмасын сұрау:
«Стоп кадр»Мақсаты: үй тапсырмасын әңгіме желісі бойынша кадрлар арқылы баяндату
« Уақыт шеңбері» : Мақсаты: Әр топ мүшелері үйге берілген шығармашылық жұмысты тізбектей оқу арқылы қорғау .
|
Әңгіме желісі бойынша кадрлар дайындау, оқушының жауабын тыңдау.
Мұғалім оқушыларды шеңберге отырғызу , шығармашылық жұмысты сауатты оқуына және тақырыпты идеясын ашқандығына көзін жеткізу .
|
Әр топ мүшелері өздеріне түскен кадрларды әңгімелеп қорғайды.
Оқушыларды шеңберге отырады шығармашылық жұмыстарын тізбектей сауатты оқиды, ережені сақтайды .
|
Өзін өзі бағалау.
Смайликтер .
|
Бағалау парағы .
Орындықтар , смайликтер
|
Негізгі бөлім. Қолдану.
|
Жаңа сабақ :
«Мини жоба»
Мақсаты:Шағын жоба құрау және қорғау арқылы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу. «Жолға белгі қой»Мақсаты:
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көре отырып,оқулықтағы мәтінмен салыстыру, ұқсас жерлеріне белгі қою.
Сергіту сәті:«Қызыл өрік» Мақсаты( денені сергіту)
|
Power Point слайд көрсету.
Смартфон арқылы оқулықтағы мәтін желісіне келетін жерінен «Менің атым Қожа» фильмнен үзінді көрсету.
Әуенді қосу
|
Power Point слайд арқылы шағын жобаны қорғайды.
Фильмнен үзіндіні көре отырып, мәтіндегі оқиға желісімен салыстырып, ұқсастығына белгі қояды.
Әуен арқылы денелерін қимыл қозғалысқа келтіреді
|
Өзін өзі бағалау
Өзін өзі бағалау
Өте жақсы!!!ОООО!!
|
Интербелсенді тақта
Оқулық Ана тілі 3сынып авторлары:Т Әбдікәрімова,С Рахметова,Б Қабатай.
Смартфон
Фильм
Интербелсенді тақта
|
Қорытынды:Талдау
|
Сабақты бекіту:«Де Бононың қалпағы» Мақсаты: жаңа сабақтан алған білімдерін жинақтау
|
Топқа қалпақ арқылы тапсырма береді.
|
1-«Сары қалпақ» мәтін бойынша Жантас пен Қожаға сипаттама бер.
2-«Жасыл қалпақ» мәтінге сүйене отырып торғайдың халін сипатта.
3-«Қызыл қалпақ»Мәтіндегі суретті талда.
4-«Көк қалпақ» Жантас пен Қожаның орнына өзіңді қой.
|
Өзін өзі бағалау..
|
Бағалау парағы
|
Бағалау:Топтау
|
Мақсаты:Өз жұмыстарына баға беру.
Рефлексия: «Әткеншек » Мақсаты: Ішкі және сыртқы шеңберде кезегімен қозғалып, бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтады.
|
Мұғалім шынайы бағалайды.:
Мұғалім оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге кезегімен тұрғызады , бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтқызады.
|
Әр оқушы бағалау парағындағы қорытынды ұпайларын шығарып.сыныпқа жариялайды.:
Ішкі және сыртқы шеңберде кезегімен қозғалып, бүгінгі сабақта не болғанын бір біріне айтады.
|
Өзін өзі бағалау
|
Бағалау парағы
|
Үйге тапсырма
|
1.Мәтінді мазмұндау .
2. Қожаның мінез құлықы туралы өз ойларын жазып келу.
|
Күнделікке жаздыру
|
Күнделікке жазып алу
|
|
|
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
______________________________________________________
Оқушының аты – жөні, тегі
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Ұпайлары (1,2,3,.......10)
|
1
|
Мен өткен тақырыпты жақсы меңгердім
|
|
2
|
Мен жаңа тақырып туралы ой қостым
|
|
3
|
Мен бүгінгі сабаққа белсенді қатыстым
|
|
4
|
Шығармашылық жұмысты өзім орындадым
|
|
5
|
Мен басқаларға көмектестім
|
|
|
Жалпы ұпайым:
|
|
Өзіме қоятын бағам:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |