Сабақтың тақырыбы: Астана - Азияның ару қызы
1.Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды меңгерту және өлеңді дауыстап,түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, Ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыру
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, тапсырмаларды реті бойынша орындауға үйрету;
3. Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, имандылыққа және адал достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, «Гүлденген Астана» слайд, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге
-Жақсы балалар әрбір атқан таңдарың арайлап атып, сендерге тек шуағын төге берсін!
2. Оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын сайлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«сұрақ-жауап»
М. Шаханов кім?
М. Шаханов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
Желтоқсан құрбандары кімдер?
Алматыда желтоқсан құрбандарына арнап қандай ескерткіш ашылды?
Желтоқсанда жастар алаңға не мақсатпен шықты?
Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
Өлеңді мәнерлеп оқу
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен асыл апаларымыз бен ардақты ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық!
III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу «Астана»
Біздің Отанымыз
Уақыт өлшем бірлігі
Қазақстан Республикасының рәмізі
Қасиетті ай
Мәпелеп өсірген жан
Алыстан мұнартады
|
1.
|
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.С
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
Т
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
А
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
Н
|
|
|
6.
|
А
|
|
Ақ орда алтын бесік – Астанамыз,
Сан жырды саған ғана ақтарамыз.
Өзгеден мәртебесі биік тұрған,
Астана өзіңменен мақтанамыз.
Мағынаны тану
Бүгін балалар Кәкімбек Салықовтың «Астана - Азияның ару қызы» өлеңін өтеміз.
Автор туралы мәлімет
Аудармашы «Сыр», «Жезкиік» кітаптар
Жинағы шыққан
Ақын
Кәкімбек Салықов
Мемлекеттік
Қоғам қайраткері Композитор
«Гүлденген Астана» слайдын көрсету (Астана туралы суреттер көрсетіп, мағұлматтар беру)
Астананың тарихи атаулары. Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы мағұлмат беру
Тұңғыш астанасы Орынбор қаласы 1920ж
Қызылорда қаласы 1925 ж
Алматы қаласы 1929 ж
1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып аталды.
Мұғалімнің дауыстап оқуы
Оқушылардың дауыстап мәнерлеп оқуы
IY. Сабақты бекіту
Көркем сөзбен жұмыс жасау
Көркем сөз
|
Берілген сөздерден сөйлем құрау
|
Айқабақ, жайма-шуақ, Ақ гүлдей, шырын, шәрбат, тамсантқан, аққудың ұясындай
|
Айқабақ ару.
Бүгін күн жайма- шуақ болып тұр.
Шұбаттың дәмі шырын,
шәрбат, балдай.
Астананың сұлулығы талай адамды тамсантты.
Аққудың ұясындай көрікті Астанам көркейе бер.
|
Топ мүшелері өлеңдегі көркем сөздерді теріп жазып, сол сөздерден сөйлем құрап жазады.
«Әңгіме кестесі»
Өлең шумағы
|
Мағынасы
|
Айқабақ, жайма-шуақ жүзі қандай,
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана-қазағымның жас қаласы,
Ажарын көрген адам қызығардай.
|
Қазақ даласында бой көтерген әсем қаламыз - Астананың ажарына көрген адам қызығады.
|
Әр топқа екі шумақтан бөліп беріледі, сол шумақтарды оқушылар қара сөзбен әңгімелеп береді.
Сергіту сәті
«Менің Отаным байтақ» іс қимыл арқылы көрсету
Менің Отаным қандай кең,
Таулары биік,
Өзен, көлдері терең
Құшағы толған байлық,
Ақ бидайы жайқалған,
Мен Отанымды сүйемін, сүйемін!
«Тақия тастамақ» ойыны
Астана қаласы қай жылдан бастап мемлекетіміздің елордасы болды?
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
Астана қаласындағы басты ғимараттарды ата
Қаланың болашағы қандай?
Ақын Астананы неліктен ару қыз деп сипаттаған?
Y. Сабақты қорыту
Ой толғаныс
Топтық жұмыс
1 топ «Топтастыру» стратегиясы
Астана
2 топ «Венн диаграммасы» «Астана - Азияның ару қызы» өлеңіндегі ару қыз бен ару қаланы салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |