Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 минут Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі182,13 Kb.
#26767
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Уақыты: 90 минут
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді экономикасы ашық елдер, халықаралық несие-қаржы қатынастары және дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Еркін экономикалық аймақтар, халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы және халықаралық туризм бойынша интернет материалдарына қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі интеграциялану, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын атап өту және халықаралық компаниялардың құрылуы, халықаралық саудадағы орны мен рөлі туралы пікір алмасу.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Модульдік оқыту технологиясы,

Интерактивті ойын .

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

«Заман тынысы» - саяси жаңалықтарды білуге қызықтыру



«Қорғау» - студенттің өзіндік жұмысын қорғауы,

«Тауыс құсы» - білген білімін жайып салу әдісі,

«Миға шабуыл» - пікірлеу қабілетін ояту ,

«Картамен жұмыс» - саяси картадағы мемлекеттерді үйрену.

«Кескін картамен жұмыс» - тапсырмаларды орындауға үйрету.

Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14-15 тақырып



Пәншілік байланыс:

Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі орны - Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзілік шаруашылық – Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.



Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер):

Қамтитын: Экономика, саясаттану, жалпы тарих.

Қамтылатын пәндер: Қоғамтану, әлеуметтану, халықаралық қатынастар.

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

Дүниежүзінің саяси картасы,

Атлас 10 сынып ,

Кескін карта 10 сынып,

Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14-15 тақырып.

Сызбанұсқа 1: « Халықаралық экономикалық байланыстар »,

Сызбанұсқа 2: « Халықаралық сауда құрамы »,

Диаграмма 3: « Халықаралық туризмнің басты аймақтарының үлесі ».

Бүктеме: « Халықаралық байланыс жүйесіндегі Қазақстанның орны ».

Үлестірме материалдар:

тестер және үлестірмелі тарқатпалар.



Техникалық оқу құралдары:

Интерактивті тақта, электронды оқулық География 10-11 сынып.Ұлттық информатизация орталығы. 2008. Проектор, компъютер, экран, слайдтар, дискілер.



Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

Негізгі:

География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 ж.

Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2-ші бөлім Жалпы шолу. Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова – Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл

Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14-15 тақырып.

15-21 беттер

Қосымша:

В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы. Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.

«ШЫҢ-кітап» География. Талапкерге арналған оқулық- тест.

. В.П.Максаковский. Дүниежүзіндегі жаңалықтар: цифрлар мен деректер. «Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығына қосымша тараулар.



Сабақтың жоспары мен хронокартасы.




Сабақ бөлімдерінің атауы

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

5 минут

3

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру

25 минут

4

Оқушылардың білімін бағалау

5 минут

5

Жаңа тақырыпты түсіндіру

30 минут

6

Сабақты қорытындылау

15 минут

7

Үйге тапсырма беру

5 минут


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, журналды толтыру және студенттердің сабаққа қатынасуын қадағалау. Олардың көңіл-күйі, ден-саулығымен қызығу және «Заман тынысы» апталық саяси жаңалықтармен танысу.

2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 минут):
Дүниежүзілік халықаралық қатынастар.

Дүниежүзілік сауда.

1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар

2. Дүниежүзілік сауда.

3. Экономикасы ашық елдер.

4. Халықаралық несие- қаржы қатынастары.

5. Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері.

Экономикасы ашық елдер, халықаралық несие-қаржы қатынастары және дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлерімен таныстыру. Еркін экономикалық аймақтар, халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы және халықаралық туризм бойынша интернет материалдарына қызығушылықтарын ояту. Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі интеграциялану, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын атап өту және халықаралық компаниялардың құрылуы, халықаралық саудадағы орны мен рөлі туралы пікір алмасу.

3. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау (25 мин):

Үйге берілген тапсырманы « Көлік географиясы» тақырыбы бойынша» : бөлімі бойынша. «Заман тынысы» - саяси жаңалықтарды білуге қызықтыру мақсатында оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау және білімдерін үлестірмелі тарқатпалар арқылы қорытындылау. Әрбір оқушыға пән портфолиосына соңғы тапсырманы сол елдің көлік жүйесінің дамуын орындауды ұсыну және «Панорамалық сабаққа » дайындық көруді ескерту өзіне тиісті мемлекет бойынша.



«Қорғау» - студенттің өзіндік жұмысын қорғауы,

«Тауыс құсы» - білген білімін жайып салу әдісінде үйге берілген сызбанұсқалар бойынша «Көлік жүйесі» және «Құрлық көлік түрлері » кластерлеу,

«Миға шабуыл» - пікірлеу қабілетін ояту сұрақтары:

- Жеке елдердегі көліктің даму деңгейі қандай негізгі факторларға тәуелді? (экономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа, халықаралық еңбек бөлінісіне т.б.),

- Көлік жүйесі құрылымы өте күрделі елдерді атаңдар, оның күрделі болуының негізгі себептері қандай? ( АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдері дүниежүзілік жүк айналымының 85%),

- Дүниежүзілік теңіз сауда флотының «Ыңғайлы тулар» астында тіркелуін қалай түсіндіресіңдер? ( Либерия, Панама, Сингапур, Кипр, т.б. жүк тасымалының өзіндік құнын 3 есеге жуық арзан тасиды),

- Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды қангдай өнімдер алады? (Парсы шығанағынан Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ-қа бағытталатын мұнай және мұнай өнімдері алады 1 млрд т. жүк тасымалы тиеді.),

- Теміржол желілерінің жиілігі нені көрсетеді? ( экономиканың жоғары дамығандығын көрсетеді)

- Жолаушы тасымалы көлік жүйесінің қайсысында басым? ( автомобиль көлігінде 80 % жолаушы тасылады),

- Дамып келе жатқан елдердегі көлік жүйесінің даму барысын сипаттаңдар? ( автомобиль көлігінің үлесіне ел ішіндегі жүк тасымалының 1/3 тиесілі.),

«Картамен жұмыс» - саяси картадағы көлік жүйесі дамыған мемлекеттерді үйрену.

«Кескін картамен жұмыс» - атласты пайдаланып тапсырмаларды орындауға үйрету.



4. Оқушылардың білімін бағалау (5 мин):

Сабақты бағалау параметрлері




бағалау параметрлері

Аты, жөні.

Оқушы пән портфолиясы

СӨЖ ды қорғауы

Картамен жұмыс

Атласты анализ жасау

тест

Тірек сызбаны толтыру

үлестірмесұрақтаржауабы

Мәтінмен жұмыс

Интернет материал дары

бағасы






































5. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30 мин):
Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда.

1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар

2. Дүниежүзілік сауда.

3. Экономикасы ашық елдер.

4. Халықаралық несие- қаржы қатынастары.

5. Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері .



Дүниежүзілік халықаралық қатынастар

Сыртқы экономикалық байланыс барлық елдерде бiрнеше функцияны қатар атқарады: ол ұлттық және дүниежүзiлік экономикалық дамудың деңгейін теңестiруге әсер етедi, ұлттық және дүниежүзiлік өндірiс шығындарын салыстыруға мүмкіндiк бередi, халықаралық еңбек бөлінісiнің артықшылықтарын iске асыратын және соның негiзiнде ұлттық экономиканың тиiмдiлігiнің артуына ықпал етедi (2 -сызбанұсқа).


Тауарды сыртқа шығарып сату

Халықаралық мамандану және өндірістерді шоғырландыру

Халықаралық экономикалық байланыстардың формалары

Саудамен қызмет көрсету

Қаржылық

қатынастар


Ғылыми-техникалық

білімдермен сауда

жасау

Туризм

Еңбек ресурс-

тарының

көші-қоны



2 –сызбанұсқа. Халықаралық сауда құрамы
Халықаралық географиялық еңбек бөлінiсi. Еңбек бөлінiсi коғамның даму процесiнде кызметтің сапалық саралануынан туындайды. Еңбек бөлінісiнің түрлерi көп. Оның ең қарапайымы — ерлер мен әйелдердің, бала мен қарт адамның арасындағы бөлінiс түрі. Кейiннен ол коғамдағы өндiргiш күштердің дамуына қарай коғамдық еңбек бөлінiсiне ұласады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісi капитализмнің мануфактуралы кезеңiнде (ХVII—ХVIII ғғ.) пайда болды. Өндiрiстiк революцияға дейін (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бiрiншi жартысы) еңбек бөлінісі жеке елдердің табиғи-климаттық географиялық жағдайына, шикiзат қорлары мен знергия көздерiнің айырмашылықтарына, т.б. табиғат факторларына негiзделдi.

Кезiнде КСРО-ның экономикалық және әлеуметтiк географиясының негiзiн қалаған академик Н.Н. Баранский (1881—1963) халықаралық географиялық еңбек бөлінісiн анықтаған. Н. Н. Баранский өмiрiнiң бiр кезеңiн (1941—1943) Алматыда өткiзiп, ҚазПИ-де (қазiргi Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетiнде) дәрiс бердi. ҚазКСР ҒА-ның География секторын басқарды. Халықаралық мамандану. Өнімнің жеке түрлерiн немесе оның және бөліктерін шығаруды дербес елдерде немесе кәсіпорындарда шоғырландыруды халықаралық мамандану деп атайды. Мамандандыру үшін белгiлі бiр жағдай қалыптасу керек. Бiрiншіден, халықаралық географияның еңбек бөлінісiне қатысатын елдің басқа елдерге қарағанда қандай да бiр өнiмдi өндiруде басым ерекшеліктерi мен жағдайлары болуы шарт (табиғат ресурстарыпң бiр түрінің бай қоры, т.б.), екiншіден, осы өнiмдерге деген сұраныстың да болуы шарт, үшiншіден, өнiмдi өндiрген елден басқа жерге тасымалдау тиiмдi болуы кажет. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнiнен дүниежүзiнде бiрінші орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің шамамен алғанда жартысын ол баска елдерге экспортка жiбередi. Автомобиль өнеркәсiбi оның халықаралық маманданған саласына жатады. Немесе Канада дәндi дақылдар өнiмiн алудан дүниежүзiнде бiрiншi, ал экспортқа шығару жөнiнен екiншi орынды алады. Астық шаруашылығъi — оның халықаралық маманданған саласы.Халықаралық еңбек бөлінісiнде мемлекеттің маманданған саласының маңызы зор. Елдің мамандану саласының түрлерi де шешушi рөл атқарады. Маманданған тауарлардың саны аз болса, ол дуниежүзiлік рыноктағы бағаға тәуелдi болады және тауар құны өзгерiп отырса, ел экономикасына әжептеуiр әсерiн тигiзедi. Басқаша айтқанда, мұндай елдердi мономәдениеттi мамандану елдерi дейдi.

Халықаралық экономикалық байланыстардың дестұрш және ең дамыған түрі — халыиаралық сауда. Халықаралық экономикалық байланыстардың 80%-ы сауданың үлесiне тиесілi.

Әрбiр ел үшін сыртқы сауданың рөлі жоғары (2-сызбанұсқа). Әйгiлі экономист Д.Сакс бүлай деген: “Әлемдегi әрбір елдің экономикалық табысы сыртқы саудасына байланысты. Қандай да болмасын бiр ел Дүниежүзiлік экономикалық жүйеден бөлектенiп, күштi экономика құра алмайды”.

Халықаралық сауда — дүниежүзiлік шаруашылықтың ең ескi бөлігi. Ол ҒТР дәуiрінде дамудың бiр ғана сатысын бастан кешуде. Өндірiске қарағанда сауда жылдам өседi. Дүниежүзiлік өндірiстің 10% өсiмiне дүниежүзілік сауданың 16%- ға артуы сәйкес келедi. Өндірістің дамуына қолайлы жағдай туады.

Халықаралық сауданың географиялық таралуы өте әркелкi. Оның бүкіл айналымының 70%-дан астамы Батыстың экономикасы дамыған елдеріне, оның iшінде 50%-ға жуығы Батыс Еуропаның үлесіне тиедi. Бұл елдердің көпшiлігi сыртқа қымбат дайын бұйымдар шығарады.



Халықаралық сауданың ерекшеліктерi және тауарлық құрылымы. ХХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап, халықаралық сауда жоғары қарқынмен дами бастады. 1950—1970 жылдар арасындағы кезеңдi халықаралық сауданың дамуындағы “алтын ғасыр” деп сипаттауға болады.

Егер ХХ ғасырдың бiрiiлтхi жартысыяда халықаралық саудавъщ 2/З-сi азңтулік және шикiзаттар үлесiне тисе, цазiргi кезде олар тауар айналымының 1/4- інкүрайды. i(айта еңдеу енеркесiбi ентдерiнің саудадағы үлесi 1/З-ден 3/4-ке дейiн өстi. Сауданың 1/З-i машина және құрал-жабдықтардың үлесiне тиедi (3-диаграмма). Дүниежүзiлік сауданы реттеу үшін дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Оның күрамында 140 ел бар. Олардын үлесiне дүниежүзілік сауда айналымының 9/10 үлесi тиесілі.

Ғылыми-техникалық бiлімдi халықаралық саудаға салу. ҒТ Р дәуiрiнде ғылыми-техникалық бiлім, басқаша айтқанда, технология мен ғылыми ақпараттың маңызы күшейдi. Ғылыми -техникалық шеңбердегi кызметкерлердің көпшiлігi экономикасы күштi дамыған елдердiң (АҚШ Германия, Жапония, т.б.) үлесiне тиедi. Мұнда әрбір өнер табыс тiркеліп отырады. Өнертабыс немесе патент көп ұзамай өндiрiске енгiзiледi. Лицензиялрады экспортка шығарудан дамушы елдердің үлесi басым. Ал лицензияларды көптеп сатып алушы елдер қатарына Жапония, Италия және Германия жатады. Шетелдiк ғылыми-техниқалық тәжiрибелердi сатып алып, оны озық iс-әрекетiне өте тиiмдi пайдалану жағынан Жапония басқа елдерге қарағанда көш iлгерi тұр.

Еркiн экономикалық аймақтар (ЕЭА). 1970—2000 жылдары бүкіл дүниежүзінде кең таралған еркiн кәсіпкерлік айында Одақтың құрылуы ашық экономиқаның жарқын қөрiнiстерiнің бiрi, олардың жалпы саны З мыңнан асады. Қазiр ЕЭА-нын үлесiне Дүниежүзiлік сауда айналымынның 1/3-i тиесілі. Еркiн экономикалық аймақтар құру дүниежүзілік шаруашылықта түбегейлі өзгерiстер әкелмесе де, оған қатысушы елдер ЕЭАда саудада кедендiк кедергiлердi жояды.

Дүниежүзiлік инвестициялық рынок Дүниежүзiлік экономика мен халықаралық экономиқалық байланыстардың ерекше маңызды саласы саналады. Ұзақ уақытқа алған шетелдiк қаржы қандай да болмасын елге кәсіпкерлік iс-әрекет арқылы табыс табу үшiн мемлекеттiк немесе жеке кәсiпорындарға берiледi.



Инвестиция. Дүниежүзiлік экономика мен халықаралық бизнеске елеулі әсер етедi. Оның негiзгi бөлігін өте iрi трансұлттық компаниялар құрайды.

Дүниежүзiлік несие рыногі деп елдер арасындағы бiрiне-бiрi әртүрлі несие берудi айтады.

Несие беруде халықаралық рынокта шетелдiк валютаның басымдылығы байқалады. Қарызға алынған заттардың басым көпшiлігi америкалық доллармен, жапондық йенамен, ағылшындық фунт стерлингпен және Еуропа Одағының еуросымен берiледi. Соңғы жылдары дүниежүзiлік валюта рыногында АҚШтың доллары өз позициясынан айырылуда.



Халықаралық туризм — Дүниежүзiлік экономиканың маңызды саласы. Халықаралық туризм халықаралық еңбек бөлінiсi формаларының қарқынды дамып келе жатқан түрлерiнің бiрi. Ол дүниежүзiлік экономиканың маңызды буындарының бiрiне жатады. Туризм үлесiне дүниежүзiлік жалпы iшкi өнiмнің 1/10-i тиесілі. Одан жылына З трлн-нан астам табыс түседi. Кариб алабындағы елдердің ұлттық экономикасының 1/3-iн, Испания экономикасының 1/5-iн осы туризмнен түскен табыс құрайды. Дүниежүзiндегi еңбекке тартылған адамдардың 1/10-i туризм саласында еңбек етедi.

Дүниежүзiнде туристiк аймақтардың бiрнеше түрі қалыптасқан. Олар: Жерорта теңiзi жағалауындағы шипажайлар, Калифорния, Флорида түбектерi, Мексиканың теңiз жағалауы (Акапулько шипажайы, т.б.), Бразилияның оңтүстiк жағалауы (Рио-де-Жанейро өңiрi), Қызыл теңiз жағалауы (Акаба шығанағы), Таиланд, т.6. жатады (4-диаграмма).

Пiр тұтып, құлшылық ететiн, қасиеттi жерге барып тәу ететiн дiни бағыттағы туризм ислам және будда дiндерiнде басым байқалады. Дүниежүзiнде туристердi ең көп қабылдайтын елдер: Франция, АҚШ, Италия және Испания, Қытай. Шетелдiк туристердi қабылдауда дамушы елдер 4-диаграмма. Халықаралық 1/5 үлестi құрайды. Ал Францияға жылына орта

туризмнің басты аймақтарының үлесi есеппен 75 млн шетелдiк туристер келіп кетедi.

Дүние бөліктерiнде халықаралық туризм едәуiр дамығанымен туристердің басым бөлігi (56%) Еуропа елдерiне келедi. Қазақстанда Орталықтың (Мескеудің) жүргiзiп келген туризм саясаты салдарынан елімiз оқшау қалып келдi. 1990 жылға дейiн туристiк iс-әрекеттер КСРО-ның Кавказ, Қырым түбегi, Балтық теңiзi жағалауында және Орталық Азия (негiзінен, Өзбекстан) елдерi мен Ресейдің тарихи орталықтарымен шектелдi. Қазiргi кезде халықаралық туризмде туристер ежелден “тапталып” бiткен туристiк аймақтарға қарағанда жаңа жерлермен, елдермен танысқысы келетiнін бiлдiріп отыр. Осыған орай тұрақты дамып келе жатқан Қазақстан аумағы шетелдік туристердi қабылдауға толық мүмкіндiгi бар. Елімiзде оларды қызықтыратын және олардың келетiн Іле Алатауы, Солтүстiк Тяньшань, Жаркент — Талдықорған, Балқаш, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Жамбыл, Түркiстан, Сайрам — Шымкент, Жоғарғы Бұқтырма және Маңғыстау сияқты табиғи өңiрлер бар. Одан басқа оларды мемлекеттiк ұлттық саябақтар Іле Алатауы, Алтынемен, Ақсу-Жабағылы, Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Көкшетау, Қорғалжын қызықтырады. Жоғарыда айтылған туристiк нысандарға мемлекет тұрғысыная шетел азаматтарына берiлетiн визаны алу жолдарына саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақты деген 54 мемлекетке жеңiлдiктер жасалды. Нәтижесiнде, елімiзге келетiн туристердің саны 80—100 мың емес, 150— 200 мыңға жеткiзiледi деп болжанып отыр. 4-сызбанұсқаны пайдаланып, тауарды сыртқа шығарып сату кезiнде сауда қандай қызмет көрсету түрлерiне бөлінетiнiн атап көрсетіңдер.

6. Сабақты пысықтау (15 мин):

1. Дүниежүзiлік “қара” рыноктағы есірткінiң орны қандай? Өздерің есірткi жайлы не бiлесiңдер? Қандай елдер есірткi сатумен айналысады?

2. Халықаралық сауданың қандай ерекшеліктерi болуы кажет?

3. Еркiн экономикалық аймақтар құрылуының мәнiсiн түсiндiрiңдер.

4. Халықаралық туризмнің дамуы неге байланысты? Дүниежүзiндегi iрi халықаралық туризм қалыптасқан аймақтарды атап, кескiн қартаға түсiрiңдер.

Тест сұрақтары эталоны: 1-С, 2-С, 3-С, 4-Д, 5-С, 6-В, 7-В, 8-А, 9-ВА, 10-Д.

1. АҚШ-тың «Автомобиль астанасы»:

А) Лос-Анжелес

В) Вашингтон

С) Детройт

Д) Бостон

Е) Сан-Франсиско

2. Ауыл шаруашылық салаларында еңбек ететін адамдар саны:

А) 2 млрд

В) 5 млрд

С) 1.3 млрд

Д) 30,5млрд

Е) 4,5млрд


3. Дүниежүзі бойынша жүгері өсіруден көрнекті орын алатын мемлекет:

А) Мексика

В) Аргентина

С) АҚШ


Д) Австралия

Е) Қытай


4. Шай өндіретін елдер:

А) Веьтнам, Лаос

В) Непал, Иран

С) Пәкістан, Өзбекстан

Д) Үндістан, Қытай

Е) Монғолия, Өзбекстан


5. «Жасыл революция» басталды:

А) ХХ ғасырдың 40–шы жылдары

В) ХХ ғасырдың 50–шы жылдары

С) ХХ ғасырдың 60–шы жылдары

Д) ХХ ғасырдың 70–шы жылдары

Е) ХХ ғасырдың 80–шы жылдары


6. Темір жолдың ұзындығы жөнінен алдағы ел:

А) Ресей


В) АҚШ

С) Бразилия

Д) Германия

Е) Франция


7. Әлемдегі ірі авиалайнер «Боинг-747» шығаратын компания орналасқан ел:

А) Жапония

В) АҚШ

С) Қазақстан



Д) Франция

Е) Ресей
8. Дүниежүзіндегі жүк тасымалының ең күрделі аймағы, тәулігіне 500 кеме өтеді:

А) Ла-Манш

В) Волга-Дон

С) Гибралтар

Д) Суец


Е) Армуз
9. Дүниежүзіндегі автомобиль жолының ұзындығы (км):

А) 10-11 мың

В) 24-25 мың

С) 29-30 мың

Д) 45-46 мың

Е) 49-50 мың


10. Әуекөлігі ең күшті дамыған ел:

А) Ресей


В) Қытай

С) Жапония

Д) АҚШ

Е) Үндістан


7. Үйге тапсырма беру (5 мин):

Тақырыбы: Батыс Еуропа елдері бойынша панорамалық сабаққа дайындық – жеке мемлекеттер бойынша оқушылардың пән портфолиясын қорғау.

Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: География 10 сынып. Алматы 2010 ж. Жаратылыстану-математика бағыты. 152-166 беттер



Қосымша: : География 10 сынып. Алматы 2006 ж. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт. 108-121 беттер.
Каталог: uploads -> doc -> 0399
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0399 -> Сабақ жоспары. Өтетін күні: 201 ж. Топ №
0399 -> Сабақтың тақырыбы: «Мұқтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет