Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Дата23.05.2017
өлшемі36,12 Kb.
#16645
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.

3. Тәрбиелілігі: Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе әріптер, гүлдер, ақ көгершін, суреттер, т.б.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, рольге бөлу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ойын, т.б

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан ерекше. Себебі, сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарға өздеріңнің білімді, озат, тәртіпті оқушы екендіктеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

-Жарайсыңдар! Ендеше, сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

-Олай болса, алдымен үйге берілген тапсырмаға көшейік.

2. Өткен сабақ. а) – Қандай тапсырма берілді? - Кім кінәлі? өлеңі. Көрініс көрсету. (мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау). ә) – Қандай әріппен таныстық? – Ү - қандай дыбыс? – дауысты,жіңішке.

Электронды оқулық. Үү –№0, №5 слайд.

3. Бекіту сұрақтары.

1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді? - 2-ге, дауысты, дауыссыз

2. Дыбысты не істейміз? - естиміз, айтамыз.

3. Әріпті не істейміз? - көреміз, жазамыз

4. Әріптерден не құралады? - сөз

5. Сөзден не құралады? – сөйлем

6. Сөйлем қандай әріппен жазылады? - бас әріппен 7. Сөйлемдерден не құралады? – мәтін

4. Жаңа сабақ. - Ал, балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын

Аналарға сыйлайтын

Аралар бал жинайтын

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. ( гүл ) - Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? – Г . Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі. Интерактивті тақтада Электронды оқулық №0,№1. Гі-гі айту Г дыбысы туралы түсінік 1.дауыссыз дыбыс 2.ұяң дыбыс 3.сөздің басында, ортасында келеді. 5.тіл арқылы жасалады 6.шұғыл айтылады Гүл туралы айту Гүл күлтесін құрау 5.Ой қозғау Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.

Оқулықпен жұмыс.Бағандағы сөздермен жұмыс Е гін – егіс алқабы,бидай егетін алқап Е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал Е гіз – бірге туған екі адам Сегіз – сан,жетіден кейін келетін(математикада алдынғы уақытта өтеміз) Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге) Бе те ге – шөптесін өсімдік(бетегеден биік, жусаннан аласа) Ше ге – үй шаруашылығына пайдаланады. Ағаш қағатын зат. Не ге – сұрақ. Шең гел – тікенді өсімдік Мез гіл – уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Оқушыларға тізбектеп оқыту

Ақ көгершін әнімен танысу. Автор туралы айту.

1.Көгершін туралы айту.

Көгершін – дүниежүзіндегі халықтардың бейбітшілік құсы. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс.

2.Өзім мәнерлеп оқу

3.Оқушыларға тізбектей оқыту

4.Әнімен айту

5.Ертегі тыңдау

Дәптермен жұмыс

2 слайд. Дәптерге бас әріп, кіші әрпін жазу

Ауада жазып көрсету.

Сергіту жаттығуы

Шығармашылық жұмыс

№4,5

Бекіту: №7 слайд

Қорытынды,мадақтау.

Үйге: Бағандағы сөздерді оқу.

98 орта мектеп



Ашық сабақ

Тақырыбы:

Г г дыбысы мен әрпі



1б-сынып

Сынып жетекшісі З.Жұмағали

2014-2015 оқу жылы
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет