Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе әріптер, гүлдер, ақ көгершін, суреттер, т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, рольге бөлу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ойын, т.б
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан ерекше. Себебі, сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарға өздеріңнің білімді, озат, тәртіпті оқушы екендіктеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?
-Жарайсыңдар! Ендеше, сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!
-Олай болса, алдымен үйге берілген тапсырмаға көшейік.
2. Өткен сабақ. а) – Қандай тапсырма берілді? - Кім кінәлі? өлеңі. Көрініс көрсету. (мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау). ә) – Қандай әріппен таныстық? – Ү - қандай дыбыс? – дауысты,жіңішке.
Электронды оқулық. Үү –№0, №5 слайд.
3. Бекіту сұрақтары.
1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді? - 2-ге, дауысты, дауыссыз
Үзуге адам қимайтын. ( гүл ) - Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? – Г . Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі. Интерактивті тақтада Электронды оқулық №0,№1. Гі-гі айту Г дыбысы туралы түсінік 1.дауыссыз дыбыс 2.ұяң дыбыс 3.сөздің басында, ортасында келеді. 5.тіл арқылы жасалады 6.шұғыл айтылады Гүл туралы айту Гүл күлтесін құрау 5.Ой қозғау Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.
Оқулықпен жұмыс.Бағандағы сөздермен жұмыс Е гін – егіс алқабы,бидай егетін алқап Е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал Е гіз – бірге туған екі адам Сегіз – сан,жетіден кейін келетін(математикада алдынғы уақытта өтеміз) Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге) Бе те ге – шөптесін өсімдік(бетегеден биік, жусаннан аласа) Ше ге – үй шаруашылығына пайдаланады. Ағаш қағатын зат. Не ге – сұрақ. Шең гел – тікенді өсімдік Мез гіл – уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
Оқушыларға тізбектеп оқыту
Ақ көгершін әнімен танысу. Автор туралы айту.
1.Көгершін туралы айту.
Көгершін – дүниежүзіндегі халықтардың бейбітшілік құсы. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс.