Оразкелді Нұршат: Бүгінгі өткен ашық тәрбие сағаты мен үшін үлкен тәжірибелердің бірі болды. Елімізде болып жатқан қиын кезеңде оқушылардың инфекция туралы одан қорғану шараларын білу деңгейін бақылай отырып, оларға жаңа тың ақпараттарды ұсыну бір ғана емес бірнеше отбасының өмірін қауіптен сақтайды деп сенемін. Сабақта әдеттегідей интербелсенді тақта қолданылды. Оқушылардың Covid-19 туралы ой пікірін білдіру мақсаттарында сұрақтар қойылды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушының инфекциядан қорғану туралы дағдыларының қалыптасқандығын түсіндім.Сабақ соңында рефлекция бөлімінде оқушыларымның жазған пікірлерін естіп үлкен қуанышқа кенелдім.