Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты Практикант: Оразкелді Н.Ө



бет6/6
Дата29.12.2021
өлшемі40,96 Kb.
#106122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 саб минез и хаттама

Мінездеме

9 «А» сыныбында 23 оқушы бар. Оның ішінде 13 ұл бала, 10 қыз бала.Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 15 оқушы сабаққа келеді. Оқушылардың құрамы өзгеріп отырады. Сабаққа келмеген оқушылар үшін онлайн түрде білім алуға жағдайлар жасалған. Сынып жетекшісі Бисенова Мөлдір-биология пәнінің мұғалімі.



Сыныптың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен жаратылыстану бағытындағы пәндерді қызығушылықпен оқиды. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Жақсы оқитын балалар саны – 5, орташа оқитын балалар саны –12, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Оқушылао спорттық үйірмелердің барлығына қатысады., Баскетболға 6 ұл,2 қыз дзюдоға 3 ұл, футболға 7 ұл қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.

Оразкелді Нұршат: _________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет