«Жаңақорған аудандық білім бөлімінің №192 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
9 сыныпқа өткізген химия пәнінен ашық сабағына Хаттама
Өткізілген күні: «16» ақпан 2021 ж.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Практикант: Оразкелді Н.Ө.
Сабақтың тақырыбы: «Коронавирус
инфекциясының алдын
алу» Өткен сабақ бойынша практиканттың өз ойы:
Оразкелді Нұршат: Бүгінгі өткен ашық тәрбие сағаты мен үшін үлкен тәжірибелердің бірі болды. Елімізде болып жатқан қиын кезеңде оқушылардың инфекция туралы одан қорғану шараларын білу деңгейін бақылай отырып, оларға жаңа тың ақпараттарды ұсыну бір ғана емес бірнеше отбасының өмірін қауіптен сақтайды деп сенемін. Сабақта әдеттегідей интербелсенді тақта қолданылды. Оқушылардың Covid-19 туралы ой пікірін білдіру мақсаттарында сұрақтар қойылды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушының инфекциядан қорғану туралы дағдыларының қалыптасқандығын түсіндім.Сабақ соңында рефлекция бөлімінде оқушыларымның жазған пікірлерін естіп үлкен қуанышқа кенелдім.