Сабақтың түрі: дәріс Студент білу керек



бет13/24
Дата12.12.2021
өлшемі417,2 Kb.
#99707
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
3 МС А№4 лекц

Аурудың төсектегі қалпы

Өмір сүру белсенділік амалына қарай барлық науқас адамдар жатпай жүргендер және төсек тартып жатқандар болып екіге бөлінеді. Төсек тартып жатқандардың төсекте үш түрлі қалпы болады: 1.Еркін не активті (лат.-әрекетшіл,әлігерлі) қалып. Бұл қалыпта науқас адам өз мүшелерін еркін қимылдата алады, төсекте қозғалуына, бір бүйірден екінші бүйірге ауысып жатуға мүмкіншілігі бар.

2.Қимылсыз не пассивті (лат.passivus –енжарлық, керенаулық) қалып. Науқас адамның төсекте қимыл жасауына мүмкіншілігі жоқ, төсекте жатқызған қалпын өзгерте алмайды. Бұл қалып сал болғанда, комада және әбден арып, әлсізденгенде кездеседі.

3.Мәжбүр қалып. Мәжбүр қалып деп, ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалыпты айтады. Сондықтан да ауру адам ол қалыпта амалсыз болады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі. Оның ішінде өте жиі кездесетіндері мыналар:



  • Тұрған күйінде мелшиіп қатып қалу. Стенокардияда (өліп кету үрейінен), қуық ауруларында, қуық түбі безінің ауруларында (тік ішек тұсы ауырғандықтан адам отыра алмайды) және ұстамалы ақсақтық жағдайда (жүрген кезде аяқтың бұлшық ет ауыруы өрши түсетіндіктен науқас адам бір жүріп, бір тоқтап қозғалады) кездеседі.

  • ортопноэ (гр.ortos –тік, pnoe -тыныс) қалпы қатты деміккен кезде төсекте амалсызтік отыру қалпы, ынтыққанды азайтады.

  • амалсыз бір бүйіріне жату қалпы: а) жүрек ауруларында науқас амалсыз оң бүйіріне жатады (сол бүйірге жатқаннан жүрек қысылады; б) «жатқан ит» қалпы не «сұрақ белгісі» қалпы бір бүйірде басты артқа шалқайтып,тізеден бүгілген аяқты ішке тартып жату, менингитке тән (бұл қалыпта ми қабығының тартылуы бәсеңдегендіктен бас ауруы азаяды); в) бір бүйірдегі қалып өкпе ауруларына да тән. (төменді қара!).

  • амалсыз шалқасынан жату іш ауырғанда және полиартритте кездеседі.

  • амалсыз етпетінен жату іш өрімі қысылғаннан (ұйқы безінің ісігі, қарынның артқы қабырғасындағы жара, талақ венасының тромбозы) пайда болатын ауруларға тән. Бұл жағдайда іш өрімінің қысылуы азаяды, сондықтан ауырғандық та бәсеңсиді.

  • Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы. Бұл қалыпта эксудативті перикардитте болатын ынтығу азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет