Тақырыбы: Одағай. Одағайдың түрлері
Мақсаты: білімділік – одағай туралы теориялық білімін қалыптастыру, өзге сөз таптарынан ерекшелігін таныту.
дамытушылық - өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру.
тәрбиелік – тіліміздегі одағай сөздердің табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу, халықтың бар болмыс бітімі оның тілінде екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
әдісі: диологтік, сұрақ – жауап, көрнекілік, топтау, салыстыру, талддау, шығармашылық.
көрнекіліктер: слайд, кеспе парақшалар.
пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
пайдаланған әдебиетер:Б. Қапасова «Оқушы анықтамасы», М. Шәбжантайқызы «Ана тілім – азығым, адастырмас қазығым».
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы: Шылауларды қайталау. «Достық» тақырыбында ойтолғау жазу.
Шылау дегеніміз не?
Толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеу үшін қолданылатын сөздер шылау деп аталады.
Шылаулардың қандай ерекшелігі бар?
а) Шылаулардың толық лексикалық мағынасы жоқ.
ә) Сөйлемде толық мағыналы сөзбен тіркесіп, оған қосымша мағына үстейді.
б) Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
в) Сөйлем ішінде жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды.
г) шылау сөздер түрленбейді.
3. Шылау сөздер атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
1. Септеулік шылаулар
2. Жалғаулық шылаулар
3. Демеулік шылаулар
Үй тапсырмасын қорытындылау: топтау
ІІІ. Жаңа сабақ: Одағай. Одағайдың түрлері
Қазақ тілінде адамның әртүрлі көңіл күіін, сезімін білдіретін және жан – жануарларға қаратып айтылатын сөздер бар.Олар одағай сөздер деп аталады. Мысалы: Әй, сабалақ, сен асық ойнап көріп пе ең?
Лексика – грамматикалық сипаты
а) Одағай сөздер жеке тұрып, толық мағына білдіре алмайды. Мыс:Пәлі, алақай. Сөйлем мүшесі бола алмайды.
ә) Бір одағайдың өзі бірнеше мәнде мағынада жұмсала береді. Мыс: Пәлі, жақсы болған! пәлі, бұнысы адамшылыққа сыймас.
б) Сөйлемде басқа мүшелер мен байланыспай, оқшауланып тұрады. Мыс: Апыр - ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!
Одағайлар мағынасына қарай үшке бөлінеді
Көңіл күй одағайлары
Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, қорқу, назар аудару, көңіл бөлу мағыналары.
Пәлі, алақай, пай – рай, аһ, ойбай, қап, т.б.
Мыс: Алақай, жаңбыр, тамшы!
Қап, Марат, сындырдың ғой!
Жекіру одағайлары
Тиым салу, бұйыру, өтіну мағыналары. Тәйт, тек, жә, т.б.
Мыс: Жә, тоқтат бос сөз сөйлемей.
Шақыру одағайлары
Мал, жан – жануар, хайуанаттарды шақыру, қууға байланыстықолданылатын сөздер. Кә - кә, құр – құр, шөре – шөре т.б.
Мыс: Пұшайт – пұшайт,
Төрт түліктк момыным,
Жылуы көп тонының,
Келе қойшы тезірек,
Қошақаным – қошақаным,
пұшайт – пұшайт!
Одағайлардың емлесі
а) Сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады:
Қап, ертерек айту керек еді!
ә) Сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.
Қарасам, пай- пай -, кілемді төсеген – ақ екен!
б) Сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Әні ән – ақ екен, бәрекелді!
в) Ерекше көңіл, леппен айтылады да, соңынан леп белгісі қойылады.
Алақай, апам келді!
г) Қайталанған одағайлар арасына дефис (-) қойылады.
Әй - әй, Мөһ – мөһ, т.б.
1 жаттығу: Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріңдер. Тыныс белгілеріне назар аударыңдар. (ауызша, кітаппен жұмыс)
О, ғажап, пәлі, Ау – у – у!
2-жаттығу:Берілген одағайларды қатыстырып,сөйлем құраңдар.(тақтамен,дәптермен жұмыс)
1-қатар: Алақай! Сүйінші!
2-қатар:О,керемет! Қап!
3-қатар:Әттеген – ай! Ура!
Деңгейлік тапсырмалар
І-деңгей:
Берілген сөйлемдерден одағайларды тауып жазыңдар:
Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айрықша қасиеті де осында.
Шу,Ақтұлпар, шу!-Саят құшырлана айқайлап қалды.
Оу,жайбасар жалқау батыр,оянып қалғанбысың?
Міне,сондықтан да,қазақ шыққан тегін зерделеп,өсер ұрпағының ертеңіне ерекше мән берген.
ІІ-деңгей:
Суретке қарап одағайларды қатыстырып,әңгіме құрау.(ауызша)
Үш қатарға үш түрлі сурет беріледі.
ІІІ-деңгей:
Одағай сөздерді қатыстыра отырып,өлең шығару.
Бекіту бөлімі:
Жұмсауық әйел
Бір әйел өте жұмсауық екен.Жұмсай-жұмсай елдің зықысын шығарыпты.Жұмсауынан қашып бұл үйге жан жоламайтын болыпты.Мұны бір төре естіп,мені де жұмсар ма екен деп әйелдің үйіне келіпті.Әйел үйде қазан түсіріп жатқан кезі екен.Даладан келе жатқан кісінің дыбысын біліп,Әйел: - «Әй,кім де болсаң итаяқты үйге ала кір», - депті. Төре итаяқты ала-мала кіріп келсе,Әйел төрені көре сала ұялып,Әйел:- «Ойбай,тақсыр,төре екенсіз ғой.Итаяқты орнына апарып қоя қойыңыз»,-депті.Сонымен жұмсауық әйел төрені табан аудармай ілгерінді-кейінді екі жұмсапты.
Одағай:Әй,Ойбай.
1. Одағай дегеніміз не?
2.Қатынасына қарай нешеге бөлінеді?
3.Одағай сөйлем мүшесі бола алама?
4.Одағайлардың тыныс белгілері қандай?
Қорытынды:
Топтастыру:
Үйге тапсырма: І,ІІ,ІІІ – деңгей бойынша 4-жаттығу.Одағайдың түрлеріне қарай топтастыру.
6-жаттығу.төмендегі жоспар бойынша «Табиғатқа серуендеу»тақырыбына одағайларды қолданып,қысқа әңгіме жазыңдар.
Одағайларды қатыстырып өтірік өлең немесе өтірік әңгіме жазып келу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:Ақын І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұмат беру. Поэманың мән-мағынасын түсіндіру. Поэмадағы басты кейіпкерлер туралы, өмірі жайынан кеңінен мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелігі: қазақ өнерінің, күй өнерінің қара қобызы домбырасының қасиетін дәріптеу.
б) Дамытушылығы: танымдық қызығушылықты оята дамыту, өнерді сүйуге, қабілеттілікті арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, «Шығармалар жинағы» 3 томдық .
І. Жансүгіровтің өмірі, ақындық әлемі жағынан сөз қозғап, «Күйші» поэмасынының негізгі басты кейіпкерлері – Кенесары, ханның қарындасы Қарашаш пен күйші өнері, өмірі туралы кеңінен танысатын боламыз.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап,тест сұрағы,мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгелдеу, саббаққа назарларын аудару.
ә) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау
1) І.Жансүгіров жайлы қандай мәліметтер айта аласыңдар? (дайындаған слайд, реферат қорғау)
2) Ілиястың табиғат жырлары бойынша лирик ақын екенін қалай дәлелдейміз?
3) Өнер тақырыбына арналған қандай шығармаларын білесіңдер?
4) «Күй», «Күйші», «Құлагер» дастандарында кімдер туралы жырлайды?
5) «Құлагер» поэмасындағы Құлагер аттың трагедиясы қалай суреттелген? т.б.
І. Топтастыру
ақын лирик
әнші І. Жансүгіров эпик
кім?
сыршыл журналист – публицист психолог
ІІ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру
«Күйші» «Күй» «Жетісу суреттері»
Қаламгердің қандай
«Ағынды менің Ақсуым», шығармаларымен «Дала»
таныссыңдар?
«Құлагер» «Әнші» «Құлагер» поэмасы
2.Жаңа сабақ. Мәнерлеп оқу. (күй таспадан музыка әуені естіліп тұрады)
1. «Күй» және «Күйші» дастандарындағы күйшілер қандай музыкалық аспаптарды қолдануымен ерекшеленеді?
2. Күйшінің шеберлігі дастанда қалай суреттеледі?
3. Қарашаштың бейнесін дастанда оның күй тыңдағандағы көңіл күйі қалай суреттеген?
4. Дастаннан тауып оқып, талдау. (оқушының жеке ойы, әсері)
VIII Мәтінге сатылай кешенді талдау
Шығарманың аты: «Күйші» поэмасы
Тақырыбы: күй,өнер,ғұмыры күймен өткен өнер адамының өрелі биігі
Жанр түрі:дастан (поэма)
Идеясы:күй құдіретін таныту
Кейіпкерлері: Кенесары хан, Күйші, қарындасы Қарашаш
Басты кейіпкердің прототипі: Қарашаш, Күйші
Әдеби – теориялық ұғымдар:
1.Теңеу: «батыр да,хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі де домбыраға мінгескендей», мұз құйғандай.
ІХ Қорытынды: VI. Үйге тапсырма.
1. Кейіпкерлерге мінездеме беру, мазмұндау.
2. “Күй тағдыры” тақырыбында ой толғау жазу.
VII. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |