I фаза.
Қызығушылықты ояту сатысы
|
1. Амандасу, кезекшілік
2. Сабақтың мақсатын айту.
Математика барлық пәндердің патшасы болса, әдебиет пәні барлық
пәндердің анасы. Әдебиет сабағы әдемілікке, тәрбиелікке, тіл дамытуға, өз ойын анық та ашық айтуға жетелейді. Әдебиет сабағында біз ұмытып бара жатқан шешендіктің үлгілерін пайдалана отырып, ойды әдеби тілде, астарлы жеткізуге үйренеміз. Қазақ әдебиеті - әлемдегі бай әдебиеттердің бірі. Оның үлкен бір саласы -ауыз әдебиеті.
Ассосация
Ауыз әдебиетіне батырлар жыры, ертегілер, тұрмыс -салт жырлары, ғашықтық жырлар, аңыз әңгімелер, мақал -мәтелдер, жұмбақтар, ақындар айтысы, т.б жатады. Қазақ ауыз әдебиеті – халық өмірінің көркем шежіресі.
Халық ауыз әдебиетін термин тілімен фольклор дейміз.
Ауыз әдебиеті жақсылық жасау, еңбекті сүю, ел қорғау, бңлңмдң болу, ел бірлігін сақтау сияқты идеяларды көтереді, сондай ақ жаманшылықтан, жауыздықтан, жалқаулықтан, білімсіздіктен, алауыздан жиренеді.
|
II
Мағынаны тани білу сатысы
|
Семантикалық картамен жұмыс.
Қазақ әдебиеті туралы білетінім:
|
Нені білдім
|
|
|
Қазір осы картаға қазақ әдебиеті жайлы не білетініндеріңізді жазыңыз.
Қазақ әдебиетінің тарихы (кесте)
Мына кестеге назар аударатын болсақ, әдебиетіміздің дәуірлерге жіктелуін байқаймыз.
Тарихи уақыты
|
Аталуы
|
VIII – XIV ғ.ғ
XV – XVIII ғ.ғ
XIX – XX ғ.ғ
|
Ежелгі дәуір әдебиеті
Жыраулар поэзиясы
Қазіргі әдебиет
|
Мұғалім сөзі: (дәріс)
Қазақ жазба әдебиетінің «Ежелгі дәуір әдебиеті» деп аталатын кезеңінде Орхон жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», т.б. жырлар жатады. Оларда қазіргі түркі халықтарының негізі болған тайпалардың өмірі, армандары, ел қорғау, ел бірлігін сақтау, жақсылық, адамгершілік, әділдік , білім мәселелері сөз болады.
Ежелгі дәуір әдебиетін X-XII ғасырларда өмір сүрген әл – Фараби, А.Йасауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, т.б.ойшылдар, ғалымдар, ақындар жалғастырады. Олар өз шығармаларында әділдік, адамгершілік, жақсы мінез, діни білім мәселелерін сөз етті.
Ежелгі дәуір әдебиеті өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болды деп есептеледі.
XV – XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетін жыраулар поэзиясы дейді. Сол кездегі ірі өкілдер Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Көмекейлі Бұқар жырау ,т.б. жыраулар. Жыраулар ел басқаруға қатысқан. Жыраулар өлеңдерінің негізгі тақырыптары- ел басқару, елді бірлікке шақыру, жақсы мінезді мадақтап, жаман мінезді айыптау, т.б. Олар өз жырларында ел мүддесін жоғары қояды, халқына адал қызмет етуге шақырады.
Ел мүддесін жоқтап жырлау дәстүрін XIX ғасыр ақындары Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы бастап, «Зар заман» ақындары аталады.Олардың шығармаларында Ресей патшалығының қазақ елін отарлау зардаптарына наразылық орын алады. XIX ғасыр әдебиеті Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармашылығымен жаңа биікке көтеріледі. Бұлардың дәстүрлерін XX ғаырдың бас кезінде С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев, Ж.Көпеев ағартушылық идеяларымен, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б. ақын - жазушылар төңкерісшіл - демократтық бағытта одан әрі жалғастырды.
1917-1990 жылдарындағы қазақ әдебиеті барлық жанрларда дамыды. Роман, хикаялар, әңгіме, пьесалар, сын, ғылыми зертеулер, баспасөз мақалалары, т.б. әдебиетімізді әлемдік деңгейге көтерді.
XX ғасыр соңында тәуелсіздігіміздің туы тігілді. Елбасымыздың Н.Назарбаевтың бастасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының жүз томдық басылымы «Бабалар сөзі» сериясы бойынша жарыққа шығуда.
Қазақ әдебиеті ел өмірінің, мәдениетінің, тұрмыс - салтының, қоғамдық\ әлеуметтік құбылыстардың көркем шежіресі болу қызметін жүйелі жалғастырып келеді.
Қазақ әдебиеті ол біздің өміріміздің парағы деп білеміз.
Оқулықпен жұмыс, шолу
|