Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас сабақ Көрнекіліктері: суреттер, аспап, үнтаспа Сабақтың барысы



Дата15.12.2016
өлшемі32,15 Kb.
#3991
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев

Мақсаты:


А) Білімділік: оқушыларға қазақ әншілері, әнші-композиторлары жайлы түсінік беру;

Ә) Дамытушылық: музыка тыңдау, елестету, сезіну, ән айту дағдыларын дамыту;

Б) Тәрбиелік: өнерді сүюге, құрметтей білуге, халық мұрасын сақтап, жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекіліктері: суреттер, аспап, үнтаспа

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

/оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аудару/


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Дауыс жаттығуын жасату;

  • «Ақмаңдайлым» Ш.Қалдаяқов – орындау.

  • Сұрақ-жауап

  1. Жаңа сабақ

Композитор Нұрғиса Тілендиевті білмейтін қазақ баласы болар ма?! Ата-бабаларымыз айтқан «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай. Нұрғиса Тілендиев - күйші, ән мен күйді қатар шығара білген ғажап сазгер. Қазақтың халық өнерін әлемге танытуда зор үлесін қосқан «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбілің дирижері. Композитор атақты «Қыз Жібек» кино фильмін түсіргенде өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі. Ел аузында осы бір оқиға жайлы аңызға айналған бір әңгімені тыңдап көрелік. Әйгілі «Қыз Жібек» кино фильмі түсіріліп жатады. Төлеген мен Жібектің махаббатын бейнелейтіндей, көлде жүзген қос аққудың қосылып келіп сырласқан сәтін түсірмек болады. Қос аққуды алып келіп көлге жібереді. Алайда түрлі жарық түсіретін сәуле аппараттары мен кино камераларды қосқанда қос аққу үркіп екі жаққа ұша жөнеледі. Режиссер не істерін білмей әбігер болады. Сол сәтте Нұрғиса ағаға бір ой келеді. Дыбыс күшейтетін аппараттарды алғызып сол жерде «Аққу» күйін орындай жөнеледі. Күй аяқталғанша қос аққу күйдің сазына елтіп бір-біріне сезім сырын ақтарғандай жұптары жазылмай көлдің бетінде жүзіп жүреді. Осы сәтті пайдаланып, оператарлар тез арада түсіріп те үлгереді. Ал режисер Абдолла Қарсақбаев болса Нұрғиса ағаның мұндай ғажайып өнеріне тәнті болған екен.

Осындай ғажап талант иесі Нұрғиса ағаның көптеген әндері халықтың ыстық ықыласына бөленіп, әлі күнге дейін ауыздан түспей шырқалумен келеді.



  • «Әжеме» атты әнінің тарихына құлақ түрелік!

Иә, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Асыл әжем» деп шырқалатын әні алыста қалған әжесінің ұлағатты әңгімелерін аңсаудан туған еді. Нұрғиса Тілендиев осындай терең ойда жүріп, кеудесін бір әдемі әуен кернейді. Бұл әуен жүрегінен орын тауып, бойын әбден билеп алғандай болады. Жүгіре басып көршісі Қадыр Мырзалиев ақынға барады. Үйіне ертіп келіп: «Маған бір әуен келді. Осы әуенді тыңдап көр. Сосын әже туралы өлең жаз», - дейді. Нұрғиса аға әуенді толғана отырып орындайды. Сол мезет Қадыр ақынның да көз алдына жайықта қалған әжесі оралады. Дәл жанында сары майды кертіп, шәйіна салып, асықпай ішіп отырғандай болады. Кейбір иірімдері әжесінің ұршықпен қоса уақытты иіріп отырып, әңгіме айтқан сәттерін елестетеді. Ақынның жаны сол сәтте-ақ әжеге деген сағыныш жырын төгіп салады.

Алтын әжем, асыл әжем аңсаған

Сағынышым сары ормандай самсаған

Әке болып жүргенімде ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған...

дейтін Қадыр ақынның өлең жолдары Нұрғиса Тілендиевтің жүрегінен жарып шыққан әуенмен үндесіп, халықтың да жүрегінен орын табады. Бұл ән ел арасында «Асыл әжем» деген атпен кеңінен таралып кетеді.



Ән тыңдайық:

Нұрғиса Тілендиевтің «Әжеме» әнін Қарақат Әбілдинаның орындауында тыңдап көрелік!



Біліп ал!

Нұрғиса Тілендиев – (1925-1998) – композитор, дирижер,домбырашы. Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Оркестрге арналған «Ата толғауы», «Алтын дән», «Махамбет», «Арман», «Аққу» т.б. поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс

салтанаты» атты увертюралары бар. 400-ден астам әндер мен романстардың авторы. 50-ден астам драма спектакльдеріне, 19 көркем фильмге, 17 мультфильмге, 14 деректі хроникалық фильмге музыка жазған. Осындай өнер мен мәдениеттегі еткен еңбеңі үшін Қазақстанның Халық Қаһарманы атағаны ие болған. Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау», «Алатау», «Өз елім», «Құстар әні», «Куә бол» т.б. көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.

Жаңа ән үйренейік.

«Әке туралы жыр» Н.Тілендиев- тыңдау, үйрену



  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. Не себепті композитор Н.Тілендиевті «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтамыз?

  2. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі жайлы әңгімелеп бер?

  3. Н.Тілендиевтің «Әжеме» әні қалай дүниеге келді?

  4. Ана туралы тағы қандай әндер білесің?

5.Оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма: «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» тақырыбын оқу, әнді жатқа орындау.
Каталог: uploads -> doc -> 03f9
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f9 -> Кіріспе Ғылыми жобаның өзектілігі
03f9 -> СабақТЫҢ мақсаты мектеп формасы туралы білімдерін кеңейту
03f9 -> 1 Сынып сағаты 1 сынып Сынып жетекшісі: Байбосинова Фарида Бакытовна Тақырыбы
03f9 -> 1-сынып Табиғат және оның бөліктері. Тест №1
03f9 -> Орта палеолит Б. З. Б 140-40 мың жыл. Кейінгі палеолит. Б. З. Б 40-35 мың жыл. 12-10 мың жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет