Сабақтың түрі: дәстүрлі. Сабақтың формасы: топпен жұмыс. Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек-сызбалармен оқыту, сын



Дата28.06.2017
өлшемі156,35 Kb.
#20345
түріСабақ
(9 орыс сыныбы)
Тақырыбы: Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

Музыка аспаптары

Мақсаты:

Білімділік: Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін

бекіту, музыка аспаптары туралы мағлұматтар беру.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту,

танымдық ізденушілік әрекеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Өнерді түсінуге бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың формасы: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек-сызбалармен оқыту, сын

тұрғысынан ойлау, деңгейлік саралап оқыту, сұрақ-жауап.



Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тірек-сызба , кесте,

домбыра, қобыз, семантикалық карта, үлестірмелі карточкалар.



Пәнаралық байланыс: орыс тілі, музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Бүгін кім кезекші?

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Қай мезгіл, қыстың қай айы?

-Аптаның қай күні?

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Сабақтың эпиграфы: Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз

жырлап кеткендей, бүгінгі сабағымыз музыка аспаптары болғандықтан,

сабағымызды күймен ашқым келіп отыр.

Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

1топ «Домбыра»

2 топ «Жетіген»



2. Үй тапсырмасын тексеру

Әр топ берілген қағазға салалас құрмалас сөйлемнің түрін жинақтап тірек-сызба құру, ауызша кезекпен анықтау.

Құрмалас салалас сөйлем
Ыңғайлас с. Себеп-салдар с. Талғаулы с.Қарсылықты с Кезектес с
1 топ. Дина Нұрпейісова мәтінін мазмұндайды.

2 топ. Сүгір Әлиұлы мәтінін мазмұндайды.



Жаңа сабақ

-Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

-Біздің қандай жерлес ақындарды, әншілерді, күйшілерді білесіңдер?

Домбыра- қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап.Қазақтың

ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне соны да әрқилы болып келеді.

Жетіген- шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің

орнына асықтарды пайдаланған. ХХ ғасырда белгілі фольклор зерттеуші

Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы

бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді.

Қобыз- ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішекті

тырнақтың жағымен басу арқылы шығады.

Сыбызғы- үрмелі көне аспап. Қурайдан, ағаштан, күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығы-

на қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын.

Сазсырнай- саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстар кезінде табылған.

Дауылпаз- ұрып ойналатын музыкалық аспаптың бірі. Ол тұтас

ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады.

Иығына асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі.

Дабыл- дабылды аспап, доға екі жағынан терімен тартылған.

Бұл аса қатты дыбысты беретін аспап. Ерте кезде дабылды аспаптар

дабыл, дауылпаз және шыңдауыл қазақтар өмірінде кең қолданылған.

Асатаяқ- дауысты аспап. Ол өрнектермен, темірлермен, алқалармен безендірілген, тегіс басты таяқ, ашық қатты дауысы бар.Аспаптың дауысын күшейту үшін бақсылар асатаяқтың басына қойылған қоңырауды пайдаланады.

Ауызсырнай- қазақ халқының үрмелі- уілдекті музыка аспабы. Халық

арасында оның ауызсырнай және қолсырнай деген екі үлгісі сақталған.

Екі жақтаудан тұрады.

Жақтауларының сыртына күмістен немесе сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады, оған үн беретін сапалы жұқа металдан тілшелер орнатылады.

Шаңқобыз- темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап.

Қылқобыз- әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті музыкалық аспап.

1-тапсырма. «Ғасырлар сазы» мәтінін оқыту. Құрмалас сөйлемдердің

тұрлаулы мүшелерін тапқызу.

-Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

2. Құрмалас сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табу. (тақтамен жұмыс)

1 топ алғашқы құрмалас сөйлемді талдайды.

Мұнда әр музыкалақ аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған.

2 топ келесі құрмалас сөйлемді талдайды.

Ішекті аспаптарға домбыра, кобыз, сазген, жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі аспаптарға сыбызғы, керней, сазсырнай, уілдек, қамыссырнай, үскірік жатқызылады.



Сөздікпен жұмыс.

Үн-звук, голос

Көзбе-көз-с глазу на глаз

Жіктелу-классифицировать

Ішекті аспап-струнный инструмент

Үрмелі аспап-духовой инструмент

Дабылды-шулы аспап-тревожно-шумный инструмент

Сарнамалы аспап- заунывный инструмент

-Жақсы, балалар, осы жаңа сөздер бойынша сөз тіркестерін құраймыз.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бөліп оқыту. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қою.

ШАҢҚОБЫЗ.

Шаңқобыз- қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады.

ХІХ ғасырда шаңқобызды музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. Шаңқобыз халық аспаптар оркестірінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады

Жұмбақ жарысы.

Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта.\ домбыра\

Сызылған үні, сүйкімді тілі,

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі.\ сыбызғы\

Ел қорғайтын ерлікке,

Батылдыққа ерлікке

Әуенімен шақырған,

Қандай аспап , балалар?\дабыл\

Жүректі баурар үні бай,

Баршаға ортақ тілі бай. \саз\

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР.

-Әр топқа үлестірмелі тапсырмалар беріледі.



1 деңгей. Сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдердің түрін анықтаңдар.

1 топ. Дәурен сабақты жақсы оқиды, өйткені оның жақсы оқу орнына түскісі келеді.\себеп-салдар\ Жолдасым ауырып қалды, сонда да дәрігер шақыртпады. \қарсылықты\

2 топ. Сабақтан соң кітапханаға барамын, не кітап дүкеніне барамын.

\талғаулы\ Айдар бүгін ұстазын алғаш рет көрген еді, сондықтан ол қуанышты сезімде болды. \себеп-салдар\



2 деңгей. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.

Бекіту. Семантикалық картамен жұмыс.


Сөйлемдер

Себеп салдар

Кезектес

Талғаулы

Қарсылықты

Ыңғайлас

1.Жазира кір жуады, немесе тамақ пісіреді

2.Мезгіл кешкіріп кетті, соңдықтан амалсыз қонуға тура келді

3.Менің қалам көне, бірақ жаңа үйлер көп

4.Мен сабақтан сон үйге автобуспен барамын, кейде жаяу қайтамын

5.Жазда мен қалада болдым және ауылдағы әжемеде барып қайттым

+

+


+

+

+





Сөйлемдер

Себеп салдар

Кезектес

Талғаулы

Қарсылықты

Ыңғайлас

1.Сізді ешкім шақырған жоқ, соңдықтан сіз бармайсыз

2.Мұғалімнің жұмысында киындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор

3.Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты

4.Олар бүгін әдейілеп бізге хабар етер, не болмаса қатынаған кісілер айтып келер

5.Біресе басымен үйді нұсқап, біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды


+

+

+


+

+



Сабақты қортындылау.

Музыкалық аспаптарға байланысты сызбаны толтыру.

Топпен жұмыс нәтижесін шығару.

Үйге тапсырма. Үйге 3-тапсырма жазбаша, 4-тапсырма жаттау.

Бағалау.


Ыдырыс Айнұр Сағындыққызы

Дарья орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қарағанды қаласы, Шет ауданы, Дарья кенті
Атақты күйшілер.

(7 орыс сыныбы)

Тақырыбы: Атақты күйшілер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлы күйшілері туралы толық түсінік беру,

шығармашылығымен таныстыру, есімшенің жұрнақтарын

қайталау, сөйлесе білуге үйрету;

Дамытушылық: Ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік

қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту, шығармашылық пен жұмыс істеу қабілеттерін

арттыру;


Тәрбиелік: Тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып,

құрмет, мақтаныш,сүйіспеншілік сезімдерін оята тәрбиелеу.

Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын, қазақ тілін

құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жасау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру қайталау.

Сабақтың көрнекіліктері: Күйшілердің суреттері, плакат, сөзжұмбақ, кесте.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар бүгін біз қазақ халқының күй өнері шеберлерімен танысып,

есімшені қайталаймыз.

Сабақтың эпиграфы: «Құлақтан кіріпбойды алар әсем ән мен тәтті күй»

А. Құнанбаев.

а) Амандасу

ә) Сыныпты түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге не берілді? -Үйге 97 беттегі 4 тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс құрап, есімшелерін табу. ( Тапсырманың берілгенін оқыту, тапсырманы оқушыларға бөліп оқыту; есімшелерін атату; кесте бойынша есімше жұрнақтарын қайталау.)



ІІІ. Жаңа сабақ.

Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Атақты күйшілер

--------------------------------------------------------------
Құрманғазы Дина Тәттімбет

Сағырбайұлы Нұрпейісова Қазанғапұлы


күйші күйші күйші

композитор композитор композитор


Батыс Қазақстан Орал облысы Қарағанды облысы

(1818-1889) (1861-1955) (1815-1862)


«Адай» «Той бастар» «Салқоңыр»

«Кішкентай» «Бұлбұл» «Көкейкесті»

«Көбік шашқан» «Әсем қоңыр» «Сылқылдақ»

2. Сөздікпен жұмыс.

Күйші –исполнитель кюя (мелодия на домбре)

Жетілдіру – совершенствовать

Қарапайым – простой

Шаруа отбасында –в бедной семье

Қақпай еркін өсірген – воспитовал свободно

Зеректік – способность

Жеткіз –донеси

Ұсыну – вручить

А) сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырту;

Ә) кезек-кезек оқу;

Б) хормен оқу.



3. Диалогпен жұмыс.

1 тапсырмадағы диалогты екі оқушыға оқыту.

4. Тақтамен жұмыс.

2 тапсырма. Оқушылар тақтада бір-бір сөйлемнен жазып, есімшелерін тауып, жұрнақтарын белгілейді.

5. Оқулықпен жұмыс.

4 тапсырма. Мәтінді 5 оқушыға оқыту. Тірек сызба бойынша әңгімелету. Есімшелерін табу өздігінен жазбаша орындау.

5 тапсырма. Мәтінді азат жолдан оқыту.

6. «Кім жылдам ?» ойыны.

6 тапсырма

а) әр қатар сөйлемдерді құрастырады

ә) тексеріп қортындысын айту.

ІV. Сабақты бекіту. ( Кестені толтыру)

-Балалар, бүгін сабақта қандай күйшілермен таныс болдыңдар?

-Олар қай жылдары туған?

-Қай жерлерде туған?

-Қандай шығармаларымен таныстық?

-Қай жылдары қайтыс болған?




Күйші

Туған

жылы

Туған жері

Шығармалары

күйлері

Қайтыс

болған жылы

Құрманғазы

Сағырбайұлы



1818

Батыс

Қазақстан



«Адай»

«Кішкентай»

«Көбік шашқан»


1889

Дина

Нұрпейісова



1861

Орал облысы

«Бұлбұл»

«Той бастар»

«Әсем қоңыр»


1955

Тәттімбет

Қазанғапұлы



1815

Қарағанды

облысы


«Сылқылдақ»

«Салқоңыр»

«Көкейкесті»


1862

Сөзжұмбақ шешу



  1. Құрманғазының алғашқы ұстазы кім болған? (Ұзақ)

  2. Дина Нұрпейісованың күйі? (Бұлбұл)

  3. Дина Нұрпейісова қай жерде туған? (Орал)

  4. Музей сөзінің аудармасы? (Мұражай)

  5. Құрманғазы Сағырбайұлының күйі? (Адай)

  6. Дина Нұрпейісованың әкесінің аты? ( Кенже)

  7. Тәттімбет Қазанғапұлы қай жерде туған? (Қарағанды)

  8. Құрманғазы Сағырбайұлы қай жерде қайтыс болған? (Астрахан)

  9. Дина неше жасында Құрманғазымен танысады? (9)

  10. Дина Нұрпейісова қай жерде қайтыс болған? (Алматы)

















Қ
















Ұ



















Р






















М


































А























Н





















Ғ




























А





































З









Ы



V. Үйге тапсырма.

99 беттегі 5 тапсырмадағы мәтінді аударып,есімшелерін тауып жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет