Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, Көрнекілігі: дк, интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі21,79 Kb.
#173439
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
жаны саудың


Тақырыбы: «Жаны саудың-тәні сау».
Мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік бере отырып, тазалыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар. 


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Сыныптың тазалығына назар аудару
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
І. Кіріспе.
Тәрбиеші сөзі:
Саламатсыздар ма оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жаны саудың-тәні сау» деп аталады. Бұл тәрбие сағатты өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу. Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз. Сонау ықылым заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. «Адам – елдің басты байлығы», осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс - әрекеттерінің әсері мол. Елімізде 2002 жылды «Денсаулық» жылы деп те жариялаған болатын. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлау керек! Ей, болашақ ұланым! Болашағы қазағымның, Сендерсің деп білемін Балғынды жас болашақ Мен сендерге сенемін! – дей отырып, бүгінгі іс - шарамызды бастайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет