Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, Көрнекілігі: дк, интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы



бет2/3
Дата31.03.2023
өлшемі21,79 Kb.
#173439
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
жаны саудың

ІІ. Миға шабуыл. 1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? 2. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?
4.Денсаулық дегеніміз не?
5.Сен өзің үйде өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап жүрсің? 
ІІІ. Салауатты өмір сүрудің мақсаты Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
ІҮ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары: - дұрыс тамақтану; - зиянды әдеттерден аулақ болу; - жеке бас тазалығын сақтау; - денешынықтырумен айналысу; - оң эмоциялардың көп болуы; - қоршаған ортаның тазалығы; - күн тәртібін сақтау; - үнемі қозғалыста болу.
Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау. Зиянды әдеттер
Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет