ҮІ. «Жаны саудың-тәні сау» (сұрақ - жауап) 1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Елімізде 2002 жыл қандай жыл деп жарияланды? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді) 7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)
ҮІІ. Мақал - мәтел. 1. Сақ жүрсең,...сау жүресің.
2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3. Денің сау болса, жарлымын деме....Жолдасың көп болса, жалғызбын деме. 4. Тыста ұзақ жүргенің –...ұзақ өмір сүргенің.
5. Дені сау адам –....табиғаттың ең қымбат жемісі.
6. Елемеген ауру жаман,....ескермеген дау жаман.
7. Сырқат тән жарасы,... қайғы жан жарасы.
8. Тазалық – саулық негізі,..саулық – байлық негізі.
9. Көзің ауырса,.... қолыңды тый, Ішің ауырса,.... аузыңды тый
10. Жарлының байлығы – ..... саулығы.
ҮІІІ. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке. Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады.
Қорытынды. «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.