Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы Сабақтың көрнекілігі



Дата26.06.2018
өлшемі21,87 Kb.
#45146
түріСабақ
«Мұқағали Мақатаев - ғасыр ақыны » 
1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру. 
2. Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру. 
3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар. 
Пәнаралық байланыс: тарих,музыка.
Сабақтың эпиграфы: "Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де" 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ой-қозғау. 
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. "Қарасаздан ұшқан қарлығаш"-деген өлеңінде: 
"Мен өзім жайында мынаны айтам: 
Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. 
Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."- деп жазған екен. 
ІІІ.Тұсаукесер.Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тамашалайды. 

Мақсаты: Бүгінгі сабақта біз Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.Біздің сабақ ізденіс сабағы боландықтан, бұл тақырып алдын ала берілген болатын.Енді осы тақырып бойынша кім қандай мағлұмат жинағанын сабақ барысында білетін боламыз. Сабағымызыдың жоспарына келетін болсақ:1 бөлім«Мұқағали Мақатаевтің өмірбаяны»,2 бөлім «Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығы», 3 бөлім «Мұқағали Мақатаевтің поэзисы» міне осы бөлімдер бойынша біз сабағымызды жүргіземіз. Енді оқушыларға сөз берейік.
ІҮ.Мағынаны тану: Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.

Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті; 
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады; 
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі. 
Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 
Шығармалары мен аудармалары. 
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. 
8-оқушы:Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. 

Шығармашылығы.Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.Олар: «Армысыңдар достар» ,«Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» , «Аққулар ұйықтағанда»,«Шуағым менің» атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Поэмалары: 
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.Оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 
Мұғалім сөзі. Енді оқушылар жаңа айтып кеткендей Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған әндерді қазіргі әншілер орындап жүр .Солардың бірнешеуін әнші оқушыларымы орындап береді
(«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады) 
Қорытынды. 
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. 
Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0eda
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eda -> Суды қорғау Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
0eda -> Сабақтық тақырыбы: Станоктың түрлері және операциялары Оқытушы: Мухаметжанова Ардак Ерлановна Топ: 15-ажш-2 Қаралды
0eda -> Сабақ: қазақ тілі Тақырыбы: саяхат, аралас сабақ Мектеп: Городецкое негізгі мектебі Күні
0eda -> Сабақтың тақырыбы С. Мәуленов. Менің Республикам Сабаққа негізделген оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет