V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: Шағылу заңы. Гюйгенс принципінің көмегімен, екі ортаның шекара бетінен шағылған толқындар бағынатын заңды қорытьш шығаруға болады. Жазық толқынның қалай шағылатынын қарастырайық. Егер фазалары тең бет (толқындық бет) жазық болса, онда толқын жазық толқын деп аталады. МN - шағылдырушы бет, А1А және B1В түзулері - түскен жазық толқынның екі сәулесі (олар бір-біріне параллель). Ал АС жазықтығы — осы толқынның толқыңдық беті. Түскен сәуле мен шағылдырушы бетке түсу нүктесінде жүргізілген перпендикуляр арасындағы a бұрышы түсу бұрышы деп аталады. Шағылған толқынның толқындық бетін табу үшін, центрлері екі ортаның шекарасында жататын екінші реттік толқындардың қоршамасын жүргізу керек. АС толқындық беттің әр түрлі бөліктері шағылдырушы шекараға бір мезгілде барып жетпейді. А нүктесіңде тербелістің қозуы В нүктесіндегіден уақыттай ерте басталады (мұндағы - толқын жылдамдығы).
Толқын В нүктесіне жетіп, осы нүктеде тербеліс қоза бастаған мезетте, центрі А нүктесінде болатын екінші реттік толқын радиусы жарты сфера болып шығады. Сонда А мен В нүктелерінің арасында орналасқан көздерден тараған екінші реттік толқындардың радиустары 2-ші суретте көрсетілгендей болып өзгереді. Екінші реттік толқындардың қоршамасы - сфералық беттерге жанама болып келген DВ жазықтығы. Ол шағылған толқынның толқын беті болып табылады. Шағылған АА2 және ВВ2 сәулелер DВ толқын бетіне перпендикуляр. Сонда шағылдырушы бетке перпендикуляр мен шағылған сәуле арасындағы γ бүрышы шағылу бұрышы деп аталады. Ал АD=СВ және АDВ мен АСВ тікбұрышты үшбұрыштар болғандықтан, ÐDВА=ÐСАВ. Бірақ қабырғалары өзара перпендикуляр бүрыштар болғандықтан, a=Ð САВ және g=ÐОВА. Ендеше, шағылу бұрышы түсу бурышына тең: a=g. Сонымен қатар, толқынды Гюйгенсше салудан мынадай қорытынды шығады: түскен сәуле, шағылган сәуле және түсу нуктесінде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Бүл екі түжырым жарықтың шағылу заңы болып табылады. Егер жарық сәулелерінің таралу бағытын ауыстырсақ, онда шағылған сәуле - түскен сәуле, ал түскен сәуле шағылған сәуле болып шығады. Жарық сәулелері жолының қайтымдылығы - олардың маңызды қасиеті.