Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс


Кез келген толқынның жоғарыда кырымдалған жалпы таралу принципі -



бет3/4
Дата11.05.2022
өлшемі27,58 Kb.
#141923
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Жарық

Кез келген толқынның жоғарыда кырымдалған жалпы таралу принципі - Гюйгенс принципі. Бұл принцип қарапайым геометриялық салулар көмегімен алдыңғы мезеттегі белгілі толқындық бет бойынша келесі мезеттегі толқындық бетті табады. Гюйгенс принципінен толқындардың шағылу заңы қорытылған.


Айнада кескін салу. Беті жазықтық түріндегі айна жазық айна деп аталады. Сфералық жӘне параболалық айналардың беті басқадай болады. Қисық айналарды біз қарастырмаймыз. Әдетте жазық айна көп қолданылатындықтан біз тек соған ғана тоқталамыз. Айна алдында зат тұрса, онда айнаның ар жағында да сондай зат тұрғандай болып көрінеді. Айнадан бізге көрінетін көріністі заттың кескіні деп атайды. Неліктен біз затты ол тұрмаған жерден көреміз? Осы сұраққа жауап беру үшін біз жазық айнада кескін қалай пайда болатынын қарастыралық. Айна алдында қандайда бір жарқырайтын нүктесі орналассын (79-сурет). Осы нүктеден түсетін барлық сәулелерден, қарапайым түрде түсіндіру үшін үш сәулені , 1 жӘне 2 - ні таңдап алайық. Бұл сәулелердің Әрқайсысы жарықтың шағылу заңы бойынша шашырайды, яғни қандай бұрышпен түссе сол бұрышпен шашырайды. Шашырағаннан кейін бұл сәулелер шашыраңқы шоқ түрінде бақылаушының көзіне түседі. Егер шағылған сәулелерді айнадан әрі қарай созатын болсақ, онда олар қандай да бір S1 нүктесінде тоғысады. Осы нүкте нүктесінің кескіні болып табылады. Бақылаушы осы арадан жарық көзін көреді. S1 кескіні жорамал деп аталынады, өйткені олар нақты сәулелердің қиылысуынан емес олардың айна артындағы жорамал созындысынан пайда болады (Егер бұл кескін нақты жарық сәулелерінің қиылысуынан пайда болған нүкте болса, онда ол нақты деп аталушы еді). Сонымен жазық айнадағы кескін әрқашан да жорамал болады. Сол себепті сіз айнаға қараған кезде алдыңыздан нақты емес, жорамал кескін көресіз. ұшбұрыштардың теңдік белгісін пайдаланып (79-суретті ќара) S1О = ОS екенін дәлелдеуге болады. Бұл, жазық айнадағы кескін одан жарық көзі қандай қашықтықта болса, сондай қашықтықта пайда болатындығын көрсетеді. Тәжірибеге жүгінейік, столға жазық шынының бөлігін қоялық. Шыны жарықтың бір бөлігін шағылдыратындықтан оны айна ретінде пайдалануға болады. Шыны мөлдір болғандықтан біз бір мезгілде оның артында не бар екенін көре аламыз. Шыны алдына жанған май шамды қояйық (80-сурет). Шыны артында жорамал кескіні пайда болады (егер шамның кескініне қағаз қиындысын қойсақ, ол Әрине жанбайды.Шынының екінші жағына (біз кескінді көретін бөлікке) сондай , бірақ жанбаған май шамды қойып, алдыңғы кескінмен беттескенге дейін жылжытайық (сонда ол жанған сияқты көрінеді). Енді жанған шамнан шыныға дейінгі жӘне шыныдан оның кескініне дейінгі қашықтықты өлшейік. Бұл қашықтықтар тең болып шығады.ТӘжірибеден шамның биіктігіне кескіннің биіктігі сай келетін көреміз. Қорытынды жасап, былай айтуға болады: Жазық айнадағы заттың кескіні Әрқашанда 1) жорамал; 2) тура, яғни төңкерілмеген; 3) заттың өлшеміне сӘйкес келеді; 4) айнадан қандай қашықтықта болса, сондай қашықтықта пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда жазық айнадағы заттың кескіні айна жазықтығына қарағанда затқа симметриялы болады. 1) А нүктесінен айнаға перпендикуляр түсіріп, оны айнадан кейін тура сондай қашықтыққа созып А1 нүктесі деп белгілейміз; 2) В нүктесінен айнаға перпендикуляр түсіреміз және оны айнадан кейін сондай қашықтыққа созып В1 нүктесі деп белгілейміз: 3) А1 және В1 нүктелерін қосамыз. Пайда болған А1В1 кесіндісі АВ стрелкасының жорамал кескіні болады. Бір қарағанда зат пен оның кескіні арасында ешқандай айырмашылық жоқ сияқты. Шын мәнінде олай емес. Айнадан өзіңіздің оң қолыңыздың кескініне қараңыз. Бұл кескінде саусақтар сол қолдікі сияқты болып орналасқанын көресіздер. Бұл кездейсоқ емес: айналық шағылу әрқашанда оңды солға және керісінше ауыстырады. Оң мен солдың айырмашылығы жұрттың бәріне ұнай бермейді. Кейбір симметрияға әуесқойлар өздерінің әдеби шығармаларында солдан оңға қарай да, оңнан солға қарай да бірдей оқылатындай етіп жазуға тырысады (мұндай айналмалы тіркестер – палиндром деп аталады). Мысалы: “Кинь лед зебре, бобер, бездельник”.Жануарлар айнадағы өз кескінін әр түрлі қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет