Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты:Студент білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жарықтың шағылу құбылысын түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Студенттердің білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отан сүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы: І.ДК Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу; Студенттерді түгендеу;Студенттердің назарын
абаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін
ексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жарықтың шағылу құбылысмен танысамыз.
Жарықтың түзусызықты таралу заңын пайдаланып, көлеңке мен ала көлеңелерді қалай түсіндіруге болады?
Айдағы көлеңкелерайқын да, Жердегі көлеңкелер күңгірт болатыны неліктен?