Тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
Мақсаты: а) Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
ә) Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
б) Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т.б.
Көрнекілігі: 6- сыныпқа арналған электронды оқулық, В.Беспальконың дамыта оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары, интерактивті тақта , суреттер , сауалнама, перфокарта,т.б.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, әдеп,валеология,география,сурет,т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру : 1.Сыныптың сабаққа қатысы.
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтармен қорытындылау).
ІІ. Жаңа сабақ : Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
1 «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)
- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
- Сендер неше жастасыңдар?
- Нешінші сыныпта оқисыңдар?
- Сыныпта қанша оқушы бар?
(14,11,6,17.)
Бұл сандар заттардың қандай мағыналық белгілерін анықтап тұр?
(ретін,мөлшерін,санын)
Бұл сандар зат есімдермен тіркесіп сан есім болып табылады.
(Кесте бойынша сабақ түсіндіру.)
Құрамына қарай дара
(бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім) бес, елу, сегізінші күрделі (екі не одан көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес, үш-төрт
IV
III Шығармашылық
II Эвристикалық
I Алгоритмдік
Оқушы деңгейі
I деңгей
а) Оқулықпен жұмыс:
159-жаттығу.а)Мәтін құрамынан дара және күрделі сан есімдерді тауып,төмендегі сызбаға орналастырыңдар. .
Дара:жүзінші,бесінші,үшінші,отыз,он,жиырма,алты.
Күрделі: мың тоғыз жүз қырық екі,жиырма бес, үш жүз он алты,жиырма екі,он үш.
у
К
Д
1942 100 5 25 3 30 22 316 20 6 13
ә) «Ең жақсы ойыншы»
-Балалар,ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?
(-Мақал-мәтелдер,жұмбақтар,батырлар жыры, ертегілер,т.б)
-Ендеше,ауыз әдебиетіміздің бай мұралары мақал-мәтелдерде,жаңылтпаштарда және жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.
Мысалы:Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:
1) Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар,тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
2) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені
3) Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
4) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
5) Жеті атасын білмеген жетесіз.
-Келесі жұмбақтарға кезекті берейік.Мен сіздерге бірнеше жұмбақтар оқимын,сіздер шешуін тауып,сан есімдерді анықтаңдар.
Жұмбақтар:
1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)
2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әр бірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай)
3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)
4)Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты.
Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)
5)Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. (телефон)
-Ендігі кезекті жаңылпаштарға берейік, мен айтқан жаңылтпаштарды қайталап айтып,сөз ішіндегі сан есімдерді табыңдар.
1)Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім? (3 кіші ішік піштім)
2)Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік,тор беріп,тон алған.
3)Қырық құлып,
Қырық құрық..
Құрық та қырық,
Құлып та қырық.
ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (интертақта)
Артық болмас білгенің....
1) Ай-жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.
2)Адам организмінде 300 грамдай тұз бар.Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып, тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады.
Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.
Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта.
2) "Білім мен дәстүр" сыны ойыны
Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)
«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той- думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)
III деңгей-эвристикалық
1-деңгей –суретпен жұмыс.Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жазыңдар.
2-деңгей-сауалнама сұрақтарымен жұмыс. Сауалнама сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Сан есім сөздің қай тобына жатады?
А)көмекші есім Ә)атаушы сөз Б)одағай
2.Күрделі сан есім қалай жасалады?
А)қосарлану арқылы Ә)тіркесу арқылы Б)қосарлану және тіркесу арқылы
3.Тіл туралы Заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.Бұл сөйлемдегі сан есімдерді көрсет.
А)11 шілде Ә)1997 жылы Б)1997 жылы 11 шілде
4.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «... жылы Қазақстан ауасы таза,мөлдір сулы,жасыл желекті елге айналуы тиіс»,-деді.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойыңыз.
А)2013 Ә)2030 Б)2035
5.Биыл Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.Бұл сөйлемде сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А)қандай? Ә)неше? қанша? Б)нешеу?
3-деңгей- жеке оқушылармен жұмыс.
1.Егер мен дәрігер болсам... (ой толғау)
2. «Математика сабағында» деген тақырыпта әңгіме құрастыр.
3.»Біздің сынып» атты хабарлама жаса.
4.Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрастыр.
Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Кезектесіп бағу. Ауыл өмірі. Көңілді сәттер.
IV деңгей-шығармашылық деңгей.
1.-Кәне, балалар, алда санаулы күндерден кейін қандай қызыл күн бар?
(-16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні.)
-Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?
(-21 жыл.)
Ендеше, «Менің- Тәуелсіз Отаным» тақырыбында диалог құрастырыңдар.
2.Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз табының да алатын орны ерекше. Мысалы,біз 5-сыныпта Шешендік сөздер бөліміндегі «Қазыбектің тапқырлығын» білеміз,Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қазыбек би келеді.Сонда Бұқар:- 1-ден 10-ға дейінгі санның мағынасын ешкім айтып бере алмады,сен айтшы,-дейді.Сонда Қазыбек айтып береді. Кәне, кім еске түсіреді. (оқушылардан сұрау.)
Ақындарымыздың осы секілді санамақтары да бар. Енді бәріміз де өзімізге арнап санамақ айтайық:
Бір дегенім –білім алу.
Екі дегенім-елін сүю.
Үш дегенім-үлгілі болу.
Төрт дегенім-төзімді болу.
Бес дегенім- бірлікте болу.
Алты дегенім- ақылды болу.
Жеті дегенім- жетістікке жету.
Сегіз дегенім- сезіне білу.
Тоғыз дегенім-толғану.
Он дегенім-осының бәрін ойға алу.
-Олай болса,балалар,осындай қасиеттерді ойға алып қазақ деген қасиетті елдің бір перзенті болуы үшін Қазыбектей,Төле бидей, Әйтекедей тұлғалары бар халықтың ізін жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұрақ туындайды.
Біз кімбіз?
Кеше Бүгін Ертең
3-4 жасар 6-сынып ХХІ ғасырдың
біз балдырған оқушысы болашақ
баламыз білім қуған барыстарымыз
өренбіз
Сабақтың аяқталу барысы:
1.Үйге тапсырма:160-жаттығу.
2.Бағалау.
Сарбасова Мәншүк Қожекенқызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |