Сабақтың түрі: Жаңа сабақ меңгерту



Дата08.09.2017
өлшемі16,36 Kb.
#30289
түріСабақ
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік:
  • Компьютерлік вирустар түрлерін ажыратуға, ДК компьютерлік
  • вирустардан қорғану әдістерін, вирусқа қарсы
  • программалардың жіктелуін, программалардың жүктелуін
  • үйрету;
  • Дамытушылық:
  • Оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді,
  • шығармашылықпен жұмыс істейді;
  • Тәрбиелік:
  • Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз
  • жерлерін айқындайды, бір-бірін толықтырады.
  • Сабақтың түрі:
  • Жаңа сабақ меңгерту.
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері:
  • түсіндірмелі – көрнекілікті,
  • пікірталас.
  • Көрнекілігі:
  • Дербес компьютер, слайд.
  • Пайдаланылатын әдістер:
  • ой қозғау, топтастыру.
  • Сабақтың барысы:
  • Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)
  • Мағынаны тану (тақырып)
  • Ой толғаныс (қорытынды)
  • І. Ұйымдастыру бөлімі.
  • Үй тапсырмасына шолу (тест тапсырмасы
  • арқылы үй тапсырмасын тексеру)
  • Тест тапсырмалары:
  • Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда
  • А) жою; Ә) іздеу Б) рәсімдеу
  • Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
  • А) файлдар мен буманын тұрған жерін;
  • Ә) объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін;
  • Б) файлдарды.
  • Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?
  • А) құжатты;
  • Ә) файл атын немесе файл фрагментін;
  • Б) табу сөзін.
  • Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?
  • А) файл атын;
  • Ә) папка атын;
  • Б) мәтін фрагментін.
  • Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?
  • А) табу параметрі;
  • Ә) файл фрагменті;
  • Б) іздеу параметрлері.
  • Тақырыпқа дейін ой қозғау:
  • 1. Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіндер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз?
  • 2. Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет.
  • Мағынаны тану.
  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
  • Компьютерлік вирус – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
  • Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
  • Файлдық Жүктейтін Макровирустар
  • Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар.
  • Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады.
  • Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады.
  • Міндеті:
  • Вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі уақытта сирек қолданылады.
  • Қызметі:
  • Вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программалардан жою.
  • Міндеті:
  • Программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау.
  • Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын – оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
  • Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төменгідей бірнеше түрге бөлуге болады.
  • Детекторлар Полифагтар Ревизорлар
  • Есіңізде болсын!
  • Компьютерлік вирустардың программасын жазатын «программашылар» немесе хакерлер қорғау құралдарын жеңу және бөтен компьютерлерге кіру үшін тұрақты түрде жаңа вирустардың программасын жазады. Бірақ мұндай әрекет барлық мемлекеттерді заң жүзінде қудаланады.
  • 1 – тапсырма: (бос орынды толықтыр)
  • Компьютерлік вирус – өздігінен _______ қабілетті арнайы _______________, ол компьютер __________ сақталатын программалар мен файлдарды _______, _______ және компьютерді ______________ мүмкін. Компьютерлік вирустармен күресу үшін _____________________________ программаларды тұрақты __________ тұру қажет.
  • 2 – тапсырма:
  • Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін тағайндаңдар.
  • Қауіпсіз. Бұл вирустардың әрекеттері программаның жоғалуын, деректердің жойылуын, дискінің жүйелік аймақтарындағы ақпараттың өшірілуін тудыруы мүмкін.
  • Қауіпті. Компьютер жұмысына бөгет жасамайды, бірақ бос жедел жадта және дискілер жадындағы бос көлемді азайтады. Бұл графикалық немесе дыбыстық нәтижеде байқалады.
  • Аса қауіпті. Компьютер жұмысының әр түрлі бұзылуларын тудырады.
  • Антивирустық программалардың негізгі міндеттері
  • Белгілі антивирустық программаның аты
  • Детектор программалар
  • Полифагтар
  • Ревизорлар
  • 3 – тапсырма:
  • Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырындар.
  • Антивирустық программа типі
  • Антивирустық программалардың негізгі міндеттері
  • Белгілі антивирустық программаның аты
  • Детектор программалар
  • Полифагтар
  • Ревизорлар
  • 4 – тапсырма: Тест тапсырмасын орындау:
  • Компьютерлік вирус – бұл мынадай программа:
  • А) компьютерді бұзатын;
  • В) «көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын»;
  • С) қапшықтар мен файлдарды жоятын;
  • Д) желілер бойымен таралатын.
  • Вирус туралы қай пікір дұрыс:
  • А) вирус компьютердің жедел жадын азайтады;
  • В) вирус компьютер жұмысын тежейді;
  • С) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
  • Д) вирус компьютердегі ақпаратты жояды;
  • Е) вирус дискеттің дискжетекке енуіне кедергі жасайды.
  • Дұрыс емес пікір:
  • А) вирустан құтылу мүмкін емес;
  • В) вирус компьютер жұмысын тежейді;
  • С) вирус мәліметтер форматын өзгерту мүмкін;
  • Д) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
  • Е) вирус компьютердегі ақпаратты жояды.
  • Орындалушы файлдар жоятын вирустар түрі:
  • А) файлдық вирустар;
  • В) енуші вирустар;
  • С) желілік вирустар;
  • Д) макровирустар;
  • Е) микровирустар.
  • Компьютерлік вирустардан қорғану бұл:
  • А) вирустардың кіруін болдырмау;
  • В) ДК-ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау;
  • С) қиратушылық әрекеттерді болдырмау;
  • Д) дұрыс жауабы жоқ;
  • Е) а,в,с жауаптары.
  • Компьютерлік вирустардың негізгі түрлері:
  • А) аппараттық, программалық, жүктеуші, макровирустар;
  • В) программалық, жүктеуші, макровирустар, желілік;
  • С) файлдық, программалық, макровирустар, жүктеуші;
  • Д) аппараттық, программалық, жүктеуші, желілік.
  • Вирустан қорғанудың негізгі әдістері:
  • А) қажет мәліметтердің көшірмесін сақтау;
  • В) кең тараған вирустардың программалық кодтарын салыстыру;
  • С) программалық құралдар;
  • Д) программалық, аппараттық, ұйымдастырушылық құралдар;
  • Е) тек ұйымдастырушылық құралдар.
  • Вирусқа қарсы программалар:
  • А) Avp, drweb;
  • В) MS-Dos, MS Word, Avp;
  • С) MS Word, MS Excel, Norton Commander;
  • Д) MS Dos, Norton Commander, drweb;
  • Е) MS Word, MS Excel, Norton Antivirus.
  • ІҮ. Үйге тапсырма:
  • 5.5 тақырып, мәнжазба даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет