Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз
жерлерін айқындайды, бір-бірін толықтырады.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
түсіндірмелі – көрнекілікті,
пікірталас.
Көрнекілігі:
Дербес компьютер, слайд.
Пайдаланылатын әдістер:
ой қозғау, топтастыру.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)
Мағынаны тану (тақырып)
Ой толғаныс (қорытынды)
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасына шолу (тест тапсырмасы
арқылы үй тапсырмасын тексеру)
Тест тапсырмалары:
Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда
А) жою; Ә) іздеу Б) рәсімдеу
Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
А) файлдар мен буманын тұрған жерін;
Ә) объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін;
Б) файлдарды.
Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?
А) құжатты;
Ә) файл атын немесе файл фрагментін;
Б) табу сөзін.
Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?
А) файл атын;
Ә) папка атын;
Б) мәтін фрагментін.
Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?
А) табу параметрі;
Ә) файл фрагменті;
Б) іздеу параметрлері.
Тақырыпқа дейін ой қозғау:
1. Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіндер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз?
2. Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет.
Мағынаны тану.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус – өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Файлдық Жүктейтін Макровирустар
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар.
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады.
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады.
Міндеті:
Вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі уақытта сирек қолданылады.
Қызметі:
Вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программалардан жою.
Міндеті:
Программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау.
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын – оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төменгідей бірнеше түрге бөлуге болады.
Детекторлар Полифагтар Ревизорлар
Есіңізде болсын!
Компьютерлік вирустардың программасын жазатын «программашылар» немесе хакерлер қорғау құралдарын жеңу және бөтен компьютерлерге кіру үшін тұрақты түрде жаңа вирустардың программасын жазады. Бірақ мұндай әрекет барлық мемлекеттерді заң жүзінде қудаланады.
1 – тапсырма: (бос орынды толықтыр)
Компьютерлік вирус – өздігінен _______ қабілетті арнайы _______________, ол компьютер __________ сақталатын программалар мен файлдарды _______, _______ және компьютерді ______________ мүмкін. Компьютерлік вирустармен күресу үшін _____________________________ программаларды тұрақты __________ тұру қажет.
2 – тапсырма:
Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін тағайндаңдар.
Қауіпсіз. Бұл вирустардың әрекеттері программаның жоғалуын, деректердің жойылуын, дискінің жүйелік аймақтарындағы ақпараттың өшірілуін тудыруы мүмкін.
Қауіпті.Компьютер жұмысына бөгет жасамайды, бірақ бос жедел жадта және дискілер жадындағы бос көлемді азайтады. Бұл графикалық немесе дыбыстық нәтижеде байқалады.
Аса қауіпті. Компьютер жұмысының әр түрлі бұзылуларын тудырады.
Антивирустық программа типі
Антивирустық программалардың негізгі міндеттері
Белгілі антивирустық программаның аты
Детектор программалар
Полифагтар
Ревизорлар
3 – тапсырма:
Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырындар.
Антивирустық программа типі
Антивирустық программалардың негізгі міндеттері
Белгілі антивирустық программаның аты
Детектор программалар
Полифагтар
Ревизорлар
4 – тапсырма: Тест тапсырмасын орындау:
Компьютерлік вирус – бұл мынадай программа:
А) компьютерді бұзатын;
В) «көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын»;
С) қапшықтар мен файлдарды жоятын;
Д) желілер бойымен таралатын.
Вирус туралы қай пікір дұрыс:
А) вирус компьютердің жедел жадын азайтады;
В) вирус компьютер жұмысын тежейді;
С) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
Д) вирус компьютердегі ақпаратты жояды;
Е) вирус дискеттің дискжетекке енуіне кедергі жасайды.
Дұрыс емес пікір:
А) вирустан құтылу мүмкін емес;
В) вирус компьютер жұмысын тежейді;
С) вирус мәліметтер форматын өзгерту мүмкін;
Д) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
Е) вирус компьютердегі ақпаратты жояды.
Орындалушы файлдар жоятын вирустар түрі:
А) файлдық вирустар;
В) енуші вирустар;
С) желілік вирустар;
Д) макровирустар;
Е) микровирустар.
Компьютерлік вирустардан қорғану бұл:
А) вирустардың кіруін болдырмау;
В) ДК-ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау;