Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Өткізу әдісі: Ынталандыру Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет9/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#81532
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Т-21.физика.28.09.2020.

Жылулық сәуле шығару. Сәуле шығарудың ең қарайым және көп тараған түрі-жылулық сәуле шығару, мұнда жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарынын (немесе молекулаларының) жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады. Неғұрлым дененің температурасы жоғары болса, атомдар соғұрлым жылдам қозғалады. Шапшаң атомдар (немесе молекулалар) бір бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдардың қозу энергиясына айналады, ал бұлар содан кейін жарық шығарады.
Күннің сәуле шығаруы - бұл жылулық сәуле шығару. Кәдімгі қыздыру шамдарыда жарықтын жылу көзі болып табылады.
Электролюминесценция. Атомдардың жарық шығару үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден де алуға болады. Газдардағы разряд кезінде электр өрісі электрондарға кинетикалық энергия көп береді. Шапшаң электрондар, атомдармен соқтығысқанда, серпімсіз соққыға ұшырайды. Электрондардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдарды қоздыруға жұмсалады. Қозған атомдар осы энергияны жарық толқындары түрінде бөліп шығарады. Газ разрядында жарқылдың пайда болатыны да сол себептен. Бұл –электролюминесценция (Солтүстік поляр шұғыласы).
Катодолюминесценция. Қатты денелердің оларды электрондармен атқылаудан жарқыл шығаруы катодолюминесценция деп аталады (Электронды-сәулелік түтікше жұмысы негізінде теледидар экранының жарықталынуы).
Хемилюминесценция. Энергияны бөліп шығару арқылы жүретін кейбір химиялық реакцияларда осы энергияның бір бөлігі тікелей жарық энергиясына айналады. Жарық көзі суық күйінде қалады (оның температурасы айналадағы ортанікімен бірдей) бұл құбылыс хемилюминесценция деп аталады (Бойынан жарық шығаратын тірі ағзалар).
Фотолюменесценция. Жұтылған жарықтан энергиясы көп жағдайларда денені тек қана қыздырады. Бірақ кейбір денелер түскен жарықтың әсерінен өздері тікелей жарқыл шығара бастайды. Бұл – фотолюминесценция (шырша ойыншықтары).


Физикалық диктант

  1. Ғарыштан келетін рентгендік сәулені ...................... ұстап қалады.

  2. ...............сәуле электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен -сәуле арасындағы бөлікті алып жатады.

  3. 1901 жылы ................................. физика саласы бойынша ең бірінші Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

  4. Рентген сәулесінің дифракциясын ......... см шамасында алуға болады.

  5. Протонды кенет тежегенде .................... сәуле алуғаболады.

  6. Рентген сәулесі толқын ұзындығы....................... дейінгі аралықтағы электромагниттік толқын болып табылады.

  7. Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді ............................. деп атайды.

  8. Жарық - бұл толқын ұзындығы ........................ болып келген электромагниттік толқындар.

  9. Күннің сәуле шығаруы - бұл ........................ .

  10. Люминесценция деп- …………………….. .


Жауаптары: (жазу керек)

Тақырыпқа байланысты есеп шығару.

  1. Егер рентген түтігінің рентген спектріндегі ең «қатты» сәулелерінің жиілігі 1019 Гц болса, рентген түтігі қандай кернеумен жұмыс істейді?

  2. 50 кВ кернеумен жұмыс істейтін және 2 мА ток тұтынатын рентген түтігі секундына 5*1013 фотон шығарады. Сәуле шығарудың орташа толқын ұзындығы 0,1 нм депесепетеп, түтіктің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәуле шығарудың қуаты тұтынатын ток қуатының қанша процентін құрайтынына нықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет