Күні: 28.09.2020
Тақырыбы: Рентген сәулелері, олардың табиғаты және қасиеттері, ғылымдағы және техникадағы қолданылуы. Жылулық сәулелену.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Өткізу әдісі: Ынталандыру
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Рентген сәулелері, олардың табиғаты және қасиеттері, ғылымдағы және техникадағы қолданылуы. Жылулық сәулелену және люменесценция туралы түсінік беру.
Студент білуі қажет: Рентген сәулелерін және олардың табиғаты мен қасиеттерін және ғылым мен техникада қолданылуын; электромагниттік сәулеленудің спектрін, жылулық сәулелену және люминесценцияны;
Студент меңгеруі қажет:Рентген сәулесін кім ашқанын, толқын ұзындығының шамасын, табиғаты мен қасиеттерін, және қолданылуын түсіндіре алу; жылулық сәулелену және люминесценцияның анықтамаларын айту
Дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.