Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Өткізу әдісі: Ынталандыру Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет7/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#81532
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Т-21.физика.28.09.2020.

Рентген сәулелерінің қолданылуы.
Медицинада атом мен ядролық физикалық факторларды диагностика мен емдеу ісінде қолданады. Соның ішінде диагностикалық бағытта қолдану В. Рентгеннің 1895 ж. Х-сәулесін ашқандығы туралы мәлімдемесінен басталады және ол рентгендиагностика (РД) деп аталады. Рентген сәулелерін медицинада аурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай-ақ, рак ауруын емдеу үшін қолданылады. Рентген сәулелерін ғылыми зерттеулрде өте кең түрде қолданылуда. Сонымен қатар рентген сәулесі рентгендік терапия мақсаттары үшін кеңінен қолданылады. Техниканың көптеген салаларында рентгендік дефектоскопия әр түрлі ақауларды, жарықтарды, қуыстарды, пісіру жіктерін, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Рентген құрылымдық талдау кристалл торындағы минерал атомдарының анорганикалық және органикалық қосылыстарының кеңістіктік орналасуын анықтайды. Рентген сәулесін қатты денелердің қасиеттерін зерттеуге қолданумен материалдар рентгенографиясы айналысады. Рентгендік спектроскопия заттардағы электрондардың күйлер тығыздығының энергия шамасы бойынша таралуын, химиялық байланыстың табиғатын зерттейді, қатты денелер мен молекулалардағы иондардың эффекттік зарядын табады. Ғарыштан келетін Рентген сәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің химиялық құрамы мен ғарышта өтіп жатқан физикалық процестер туралы деректер алынады (қ. Рентгендік астрономия). Рентген сәулесі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, криминалистикада, археологияда т.б. жерлерде қолданылады. Соның ішінде:
Жүктерді тексеруде. Практикалық тұрғыдан алғанда медициналық рентгеноскопиядан айырмашылығы жоқ. Аэропортта, кендендік бақылау бекеттерінде және басқа да жерлерде қолданылады.
Рентгендік дефектоскопия. Құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табуға, пісірілген жіктердің сапасын анықтауға қолданылады.
Рентгендік құрылымдық анализ. Кез келген кристалдың атомдары реттелген үш өлшемді болып келеді. Рентген сәулелерін кристал арқылы жібергенде, кристалдың дифракциялық суретін алуға болады Егер кристалды түрлі бұрыштан қарайтын болсақ, оның ішкі құрылымындағы атомдарының қалай орналасқанын білуімізге болады.
Рентгендік микроскопия. Рентген сәулелері жарық сәулесіне қарағанда толқын ұзындығы біршама кіші болып келеді. Сондықтан рентген сәулесінің көмегімен өте кішкене заттарды, атап айтқанда жекелеген атомдарды көруге болады. Рентгендік микроскопияға арнап рентген сәулесін сындыратын арнайы линза жасалған. Рентгендік микроскоп электрондық микроскопты қолданғаннан гөрі қолайлы, себебі, ондағы зерттелетін затты ваккуға орналастырудың қажеті жоқ.
Рентгендік спектрлік анализ. Зерттеліп отырған заттың химиялық құрамын білу үшін қолданылады. Зерттеу екі бағытта жүреді: 1) рентген түтігіндегі катодтың орнына зерттеліп отырған затты орналастырады да, пайда болған рентген сәулесін зерттейді; 2) зерттеліп отырған затты рентген сәулесімен сәулелендіреді де заттың жанап өткен немесе шағылысқан сәулені зерттейді.
Рентгендік астрономия. Жұлдыздар тек қана көрінетін жарықты ғана емес, барлық электомагниттік толқындарды, соның ішінде рентген сәулелерін де шағылыстырады. Рентгендік телескоптар – бұл рентгендік микроскоптың кері түрі. Арнайы рентгендік линзаларды құрастырғаннан кейін астрономдарда аспанды зерттеу жұмысы жандана түсті.
Адам денесінде рентген сәулелері сүйекте (тығыздығы салыстырмалы түрде жоғары және кальций атомы көп болғандықтан) жақсы жұтылады. Сүйек арқылы рентген сәулесі өткенде, оның интенсивтілігі әрбір 1,2 см сайын екі есе кемиді. Қан, бұлшық ет, денедегі майлар және асқорту жүйелері рентген сәулесін нашар жұтады. Осы аталғандардың барлығынан да өкпедегі ауа рентген сәулесін нашар жұтады. Сондықтан рентген сәулесіндегі сүйек фотопленкаға мөлдір бейне түсіреді. Ал рентген сәулесін нашар жұтқан мүшелер фотопленкаға қоңырқай бейне түсіреді. Сондықтан дәрігерлер адам денесіндегі өзгерісті бірден тауып ала алады.
Қазіргі таңда рентгендік зерттеу көп жағдайда фотопленкасыз жүргізіледі. Ал адам арқылы өткен сәуле арнайы люминфор арқылы көрінеді. Бұл әдіс сәуленің интенсивтілігін бірнеше есе төмендетеді және сәулені қауіпсіз етеді. Оны флюрография деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет