Рентген сәулелерінің өтімділік қабілеті күшті. Сәуле шоғы денеден өткенде, денеге түскендегіден интенсивтілігі азаяды. Осы қасиетін медицинада аурудың ішкі мүшелерінің жағдайын көруге, сүйектердің сынықтарын, денеде бөтен дененің пайда болуын анықтау үшін қолданылады.
Егер рентген түтігі мен экран аралығына қолымызды қояр болсақ, онда қол сүйегі сәулені күштірек тоқтатады да, ал бұлшық ет әлсіз тоқтатады, экранда қол қаңқасының көлеңкесі пайда болады. Сол себепті рентген сәулесінің аз энергиясы түскен жердің жарықталынуы әлсіз болады.
Рентген сәулелері көрінетін жарық тәрізді фотографиялық пленканы қарайтады. Сол себепті зерттелген дене көлеңкесінің суретін алуға болады.
Рентген сәулесінің интенсивтілігі анод жасалған заттың Z зарядына пропорционал болып келеді. Анод пен катод арасындағы кернеу қаншалықты көп болса, рентген сәулесінің қуаттылығы да соншалықты үлкен болады.