Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Өткізу әдісі: Ынталандыру Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет3/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#81532
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Т-21.физика.28.09.2020.
П ні аза дебиеті Та ырыбы С лтанмахм т Торай ыров «Ш кірт о (1), Сагимбаева Куаныш , Т-21.физика.28.09.2020., Т-21.физика.28.09.2020.
Вильгельм Конрад Рентген
Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды.Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді "Рентген" сәулелері деп атап кеткен.
Рентген сәуле шығаруын классикалық электромагниттік теорияның аясында түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша үдей қозғалатын зарядталған бөлшек міндетті түрде сәулеленуі тиіс. Қарастырылып отырған жағдайдаэлектронантикатодқа соғылып тежеледі де, теріс үдеу алады, сондықтан ол сәулеленеді.

Электрондардың m энергетикалық деңгейден n энергетикалық деңгейге өтуі кезінде атом энергиясы ∆E=h𝛎mn болатын фотондар ағынын шығарады. Осы фотондар ағыны жиілігі үлкен рентгендік сәулелер болып табылады. Тежелу барысында жылдам электрондра біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:


∆E=E1-E2 Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді: ∆E=h𝛎 Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.
Р ентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.Вильгелм Рентген келіншегінің саусағына жасаған тәжірибесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет