Пәнішілік және пәнаралық байланыс
Пәнаралық байланыс – математика.
Пәнішілік байланыс – Жарықтың толқындық қасиеттерімен түсіндірілетін құбылыстар.
Сабақтың жабдықталуы: кеспе қағаздар мен суреттер.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі -5 мин
Оқытушы дәрісхананың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа келмеген оқушыларды белгілейді, сабақтың тақырыбы, жоспары және мақсаттарымен таныстырады.
Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі -25 минут
Тексеру әдісі: сұрақ-жауап.
І. «Қызығушылықты ояту» Сауалнама:
Инфрақызыл сәулелер дегеніміз не?
Инфрақызыл сәулені алғаш болып ашқан ғалым?
Инфрақызыл сәуленің емдік қасиеттері қандай?
Ультракүлгін сәулелер дегеніміз не?
Ультракүлгін сәулелердің қандай қасиеттері бар?
Ультракүлгін сәулелердің пайдалы және зиянды әсерлері қандай?
1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |