1. Сабақ бойынша жалпы мағлұмат. Мектеп: Машықкер: Фасхиева Амина
Күні: 15.03..21 ж, сынып: 4, оқушы саны: -, сабаққа қатысқаны: - Пән: Көркем еңбек
Ресурстар: А3, А4, карточкалар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаздар
2. Сабақты ұйымдастыру. Сабақты бастамас бұрын дидактикалық материал мен АКТ құралдарын тексеріп,оқушылардың сабаққа дайындығын тексердім. Сабақты ұйымдастыру және оқушыларды сабаққа назарларын аудару мақсатында «4 шумақты өлең» әдісін қолдандым.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Тақырыбы: “қазақтың ұлттық киімдері”
Сабақтың мақсаты: Сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру..
.Қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен,түрлерімен таныстыру
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру, қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен,түрлерімен таныстыру…
б) дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;
в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, ағылшын тілі, орыс тілі
4. Сабақтың ұйымдастырушылық аспектілері. Сабақ 4 кезеңді қамтыды: Ұйымдастыру бөлімі, жаңа сабақ, негізгі бөлім, қорытыңды кезең. Сабақтың кезеңдеріне уақытты дәл бөле отырып тиімді ұйымдастырдым, оқушылардың ізденуі үшін жұптық,жеке жұмыс формаларын ұйымдастырдым.Мұғалімнің негізгі міндеті бағыттау болды.Қиындық тудырған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша оқушыларға «түсіндіру» әдісін қолдандым. Әр тапсырма соңында кері байланыс орнатып,қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырдым.
Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды сабаққа назарларын аудару мақсатында «4 шумақты өлең» әдісін қолдандым. Қызығушылығын ояту, сабақты бастау үшін «эмоция өлеңі» әдісін қолдандым.Бұл әдісті қолдану арқылы, оқушылар сабақтың тақырыбымен танысып,бастапқы білім арқылы тапсырмаларды орындауға кірісті.
5. Мұғалімнің іс - әрекетінде қарастырылатын дидактикалық, тәрбиелік, т.б, мақсаттары. Сабақ барысында мақсатқа жету үшін оқушыларды өзіндік және жұптық жұмысын ұйымдастырдым.Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау,түйінді ой шығару мен өзара бағалау дағдыларын дамыттым.Сонымен қатар оқушылар зат есім тақырыбында білім-біліктерін қалыптастырып,сөз тіркестерін құруға үйренді.
6. Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:
1.Сабақтың түрі. Жаңа сабақ. Ең басты назар оқушылардың тақырыпты дұрыс түсініп меңгеруіне бағытталып,үй тапсырмасын сұрау жүзеге аспады.
2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақ барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу кабинетіндегі құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақта білім беруді ғылыммен, өмірмен, тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым.
3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік пен иллюстрация, сұрақ-жауап әдістерін қолдандым. Шығармашылық,ойлау қабілеттерін ,ізденімпаздығын дамыту үшін көрнекілік пен иллюстрациялық әдісті кеңінен қолданып,сонымен қатар оқушылардың өздік пен жұптық жұмысын жүзеге асырдым. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды тиімді пайдаландым
4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың сабақ барысында жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігін әр түрлі жұмыс формаларымен асты.Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен,әдістерімен жүзеге асыра алдым.Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалануды,оқушылар ережесін сақтауды,жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды қалыптастырдымҚазақ тілі жұмыс дәптерін жүргізіп, талапқа сай ұстады. Оқушылардың бір-бірін бағалау және өзіндік бағалауы жүзеге асты.Жоспарланған тапсырмалар орындалды.
7. Сабақтағы өзіндік жұмыстың орны мен рөлі. Сабақта өзіндік жұмыс «қарлы кесек» «жұмбақ» әдістері арқылы жүзеге асты. Бұл жерде оқушылар кестемен жұмыс істеу арқылы,сыни тұрғыдан ойлау дағдысын және суреттермен жұмыс істеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып,білімдерін пысықтады.
8. Сабақтың психологиялық негіздері. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылдардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, түйсік секілді психологиялық аспектілермен негізделіп таңдалды.
9. Дидактикалық тапсырмалардың мақсаттылығы. Оқушыларға үйге тапсырманы өтілген тақырыпты бекіту және өмірде қолдану алу дағдысын дамыту мақсатында бердім. Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде оқушыларға түсінік жасадым.
10. Тәрбие үрдісіндегі жеке тәсіл.
Сабақта демократиялық стильді ұстандым.
Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысты, білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.
Сабақта барлық гигиеналық талаптар сақталды.
11. Қорытыңды. Әр оқушының тақырыпты толыққанды меңгеруіне нақты көңіл бөлдім. Көркем еңбек пәнін оқытуды, қойылған мәселені шешу үшін қажетті, ыңғайлы жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытттым. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.