Сабақтың тақырыбы: физикада футбол ойыны
Мақсаты: білімалушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін және пәнге деген қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, табло
Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс
Оқытушы: Баршаңыз да сабағымызға қош келдіңіздер! Біз бүгін ДТБ -11 топ студенттері арасында футбол ойынын физика пәні бойынша сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Сабақты дене тәрбиесі оқытушысының қатысуымен бастамақпыз. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз (топ студенттері бір қатарға тұрады. Олармен жалпы сәлемдесіп, 1,2,3.... сандарымен айтып шығу беріледі. Тақ және жұп сандар бойынша жұп сан атағандарды бір қадам алға шығарады. Екі топқа бөлінген соң екі жақтағы парталарға отырады). Екі топтағы студенттерге сұраққа жауап беріледі. Кім бұрын орындаса сол ойынға қатысады. Қатысатын ойыншылар саны бір топтан 5 адам. 1-уі қақпашы (капитан), 2-уі қорғаушы, 2-уі шабуылшы.
Комментатор: футболдың шығу тарихымен таныстырады.
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі.
Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Біздің сайысымызда физикалық тапсырмаларды орындау арқылы көбірек
ұпай жинау.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзғаны үшін
сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.