І. Сәлемдесу «Допты алып жүру» (екі жақтан шыққан 10 ойыншы "Допты алып жүру» ережесі бойынша бір-біріне допты лақтырып, тілектер айтады, қол алысады). Осы кезде комментатор: « Допты алма - кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табынның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді», -деп айтады.
ІІ. Допты тартып алу.Екі топтың капитанын ортаға шақыртып, теңге тастау арқылы кім бірінші болатынын айту. Сосын кім бірінші судьяның айтқанын тапса сол топқа бірінші болып сұрақ қойылады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай), комментатор:Допты тартып алу ережесін айтып кетеді: «Допты тартып алу - өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді басқа да тәсілдерді қолдануға болады».
ІІІ.«Допты ойынға қосу» ережесі. Игерген әдіспен екі жақты ойын: Футбол ойнау. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу) ІV. Капитандар сайысы. (Есептер шығару, карточканы таңдап алу бойынша) V. Ауызша есептеу. VI. Жұмбақ шешу. VII. Қорытынды. Марапаттау.
Комментатор: Армысыздар құрметті көрермендер,
Сайысын ДТБ тобынының көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер.
І кезең бойынша сәлемдесіп, тілек айту. ІІ кезеңімізді бастайық. Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)
Тұтасалғанда атом заряды? – (бейтарап)
Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
Жылдамдықтың өлшем бірлігі – (м/с)
5. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон) 6. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с) 7.Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ) 8. Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? – (толқын) 9. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон) Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)