Ұйымдастыру кезеңі
|
-ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
-жетекші сұрақтар қояды.
Балаларды тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.
Ал, балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіне сәттілік тілеймін.
Жаңа оқу іс-әрекетін бастамай тұрып, өткен сабақты еске түсіріп, бір тапсырма орындайықшы.
|
Балалар жақсы көңіл күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар тапсырманы орындайды.
|
|
Негізгі бөлім
|
Бүгін, балалар, біз математика еліне саяхат жасаймыз. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз төрт топқа бөліндік.
Кәне, балалар, партамызға қарайықшы. Алдымызда не жатыр? Кім айтады?
Дұрыс, мозаика. Бұл жай мозаика емес екен. Сиқырлы. Мозайканың бетінде балалар, шатасқан апта күндері жазылған. Соны қазір сендер ретімен құрастырып, апта күндерін толық білесіңдер ме екенін тексерейік. Бірінші топқа қазақ тілінде, екінші топқа орыс тілінде, үшінші топқа шет тілінде, төртінші топқа аралас тілде берілген. Ал, құрастырамыз. Болған топ шапалақпен білдіреді.
Оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Дұрыс. Енді, балалар, жұмыс дәптерімізді ашып, дәптеріміздегі мозайканы дұрыс ретімен, бір түспен бояймыз.
Кәне, біз көп жұмыс орындадық. Ендеше біраз серігіп, дем алайық. Сергіту сәті. (Осы сәтте тақтаға пойыз ілінеді).
Балалар, тақтаға қарайықшы. Не көріп тұрмыз? Дұрыс, пойыз. Пойызда неше вагоны бар екен? Вагондарында не деп жазылып тұр? Кім оқып береді маған?
Бұл жай пойыз емес. Адасқан пойыз. Әр бір вагонның артында жасырынған тапсырмалар бар. Егер де біз сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, пойыз өз аялдамасына жолын тауып жетеді екен. Кәне, әр бір топтан бір баладан келіп тапсырмалар алып, оқып берсін.
1 – аялдама:
Апта күндерін керсінше құрау, атау.
2 - аялдама. Мысалдарды шығару.
3 - аялдама
Мысалдардың жауаптарына сәйкес, апта күндерін орналастыру.
4-аялдама
Берілген сағаттағы уақытты атау.
5-аялдама
Тиісті шаманы жазыңыз.
1 сағ. = ... минут 1 ай = ... күн
1 жыл = ... ай 1 апта = ... күн
6-аялдама
Төменде берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.
Күн, жыл, сағат, минут, апта.
7-аялдама
12 ай, 7 күнді қазақша, орысша атап беріңіз. Ал төртінші топ осы тапсырманы шет тілінде атап береді
|
Балалар сұрақтарға жауап беріп, мозайка құрастырады.
Дәптердегі мозайкаларын бояйды.
Балалар қимылдарды қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар тапсырмаларын алып, оқып береді. Орындарына отырып, тапсырмаларын топпен орындайды.
|
Топтасу мозайка
|