Көру түйсіктері. Көру мүшесі болып табылатын көз - анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа айналады. Көздің торлы қабығына жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың астыңғы екінші қабығы - тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі - нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан