Сабақтың түрі: практикалық сабақ 5 Сабақтың тақырыбы: түйсік Дайындаған: сафаралиева б н тобы: хіт 21-01



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі352,85 Kb.
#121976
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түйсік

Дәм түйсіктері. Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім
мүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде,таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып тӛртке бӛлінеді. Осы төрт түйсіктің араласуынан және оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады. Тілдін түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің ұшы,
ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды
Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына
орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (жанасқанды түйсіну), температура (суық пен жылыны түйсіну) ауырғанды білдіретін түйсіктер.
Тактиль сезгіштігі бүкіл дене бойына біркелкі таралмаған. Тактиль
клеткаларынын өте күшті шоғырланған жерлері - алақан, саусак ұштары және ерін. Денемен жанасқанда тактильдық түйсіктер оның сыртқы бетінің тегіс, кедір-бұдыр, жабысқақ, сұйық екендігін білдіреді. Егер дене бетіне жанасып, оны қатты жанши басса, ол ауырсыну түйсігін туғызады. Ауру сезгіштігінің рецепторлық ұштары тактильдік рецепторларға қарағанда терінің тереңірек астында орналасады. Тактиль рецепторларының көп жерінде ауырсыну рецепторлары аз болады. Тактильдік сезгіштік заттың сапасы жайын білдіреді.

Назарлаңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет