Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады.
Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп -
ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секунда өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды - инфрадыбыстар деп атайды. Ал
толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы
шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.