Сабақтың түрі: Құрастырылған сабақ. Оқыту нәтижесі



Дата15.06.2017
өлшемі427,06 Kb.
#19144
түріСабақ
Сабақтың

тақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Мақсаты:

Танымдылық:Организмдердің жеке дамуы, оның ерекшелігін,маңызын түсіндіру.Организмнің дамуы мен байланысты танымдық қызығушылығын дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін арттыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа дағдыландыру, дүниетанымдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу. Өз бетінше тұжырым,қортынды жасауға,еркін жауапқа қатуға үйрету.Өз денсаулығын күтіп салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Құрастырылған сабақ.

Оқыту нәтижесі :
1.Онтогенез туралы ұғымды меңгеру.
2.Онтогенездің кезеңдері,оның жеке ағзаның дамуындағы маңыздылығын түсіну.
3.Жыныстық жетілу ,жеке ағзалардың көбеюі,содан кейін қартаю және тіршіліктің тоқтау процесстері табиғаттың өзгермес заңдылығы екенін ұғыну.

Негізгі идея :
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп өсіріп,
Өзімді – өзім дегізген.
(Шәкәрім)
Проблемалық сұрақ:
Онтогенез – бұл жеке тірі ағзаның дамуы.
Қамтылған модульдер:
1.АКТ қолдану.
2.Оқыту және оқудағы түрлі әдіс тәсілдер.
3.Оқыту үшін және оқуды бағалау.
4.Көш басшылық .
5.Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
6.Дарынды балаларды іздеу.
Тапсырма көздері :
Оқулық.Интернет желісінен алынған бейне көрсетілімдер.Сурет сызбалар.Қосымша дайындалған материалдар.Ұрықтың дамуы (бейнекөрсетілім).
Барысы: І. Ұйымдастыру (сыныпты 2 топқа бөлу)

ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақтан тексеру

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

1. Эмбриология ғылымының даму тарихы

2. Онтогенез – организмнің жеке дамуы:

а)Эмбриондық даму;

ә) Постэмбриондық даму.

IV. Тақырыптың мәнін түсіну

Ү.Бекіту

VІ.Қорытынды

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үй тапсырмасын беру

ІХ. Рефлексия

Сабақ барысы: І.Топқа бөлу(берілген сөздерден сөйлем құрастыру)

ІІ.Оқушылардың білімін жан-жақтан тексеру

Миға шабуыл:

1-топқа:

Көбею дегеніміз не? Митоз неше фазадан тұрады? 2-топқа:



2-топқа:

Қандай көбею жолдарынын білесіндер?



Митоз фазаларын атап шығыңдар?

Екі митоздың арасында не жүреді? Интерфазаның қандай кезендері бар?

Профаза кезеңін сипаттаңдар. Метафаза кезеңін сипаттаңдар.

Анафаза кезеңін сипаттаңдар. Телофаза кезеңін сипаттаңдар.

Мейоздың митозға қарағанда Мейоз неше кезеңнен тұрады?

айырмашылығы неде?


Топпен жұмыс(өз тақырыбын постер арқылы қорғау)

1- топ: сперматогенез

2 –топ:овогенез

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

1. Эмбриология ғылымының даму тарихы(Реферат) К.Бэрдің еңбегі

К.Бэр «Ұрықтың ұқсастығы» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұқыртық дамуының бастапқы кезеңі өт е ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтың ұқсастығы заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.



Ковалевский мен Мечников еңбектері

А.О.Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді.



Мюллер мен Геккель еңбектері

Эволюциялық даму жөніндегі Ч.Дарвиннің пікірлері, К.Бэр, А.О.Ковалевский мен И.И.Мечниковтің және т.б. эмбриологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез дегеніміз – филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады.


2. Онтогенез – организмнің жеке дамуы:

а) эмбриогенез(ұрықтық даму)

ә) постэмбриогенез (ұрықтан кейінгі даму)

а) Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі.

Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.



Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы

Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі.


Нейрула.

Нейрулла сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.


ә ) Постэмбриондық даму: 1) тура даму (ересегіне ұқсас болу)

2) түрленіп даму (дернәсілінің

ересегіне ұқсас болмауы)

Тура даму

Тура даму-организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы. Бұған омыртқалы жануарлардан жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің және т.б. дамуы, ал омыртқасыздардан сүліктердің, көпаяқтылардың, өрмекшілердің және т.б. дамуы жатады.



Түрленіп даму - толық

Түрленіп даму – эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыз жануарларға, сондай-ақ омыртқалылардан қосмекенділерге тән.



Түрленіп даму – шала

Жұмыртқа – дернәсіл – имаго



Мысалы: шегіртке, таракан, т.б.



IV. Тақырыптың мәнін түсіну (флипчарт немесе постер)

V. Бекіту
1-тапсырма

Терминдермен жұмыс (Стратегия «Көк диван» )

Эмбриогенез, Онтогенез, Овогенез, Гаметогенез, Сперматогенез


2-тапсырма

1. Сәйкестендіру тесті:

Митоз жыныс жасушалары

Мейоз тікелей бөліну

Амитоз дене жасушасы

Жынысты екі дара

Филогенез тарихи даму

Онтогенез ұрықтың дамуы

Эмбриогенез жеке даму








VІ. Қорытынды

Сабақты қорыту

Мағыналық диктант



1.Ұрықтану дегеніміз не?

Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуы

2.Ұрықтанған жұмыртқа жасушасында қандай процесс басталады?

Бөлшектену

3.Бұл процестің мейоздан айырмашылығы неде?

Жасушадағы хромосомалар саны өзгермейді

4.Ұрық дамуының алғашқы сатысы қалай аталады?

Бластула

5.Бұл сатыға не тән?

Жасушалардың бір қабаты

6.Екінші саты қалай аталады?

Гаструла

7.Бұл сатыда ұрықтың қандай қабаттарын ажыратуға болады?

Эктодерма мен энтодерма

8.Онтогенезді қандай екі ірі кезеңге бөлуге болады?

Эмбриондық және постэмбриондық

9.Көкек(а) пен (б)қоңыздың постэмбриондық дамуы қалай жүреді?

а)Метаморфозсыз;

б)Метаморфозданып.




10.Метаморфозданып дамудың маңызы неде?

Дернәсіл қоректік заттардың жетіспейтін орнын толтырады


«Қай тұжырым дұрыс?» айдарының сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы зигота деп аталады.

2.Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып , блостомерлер деп аталады.

3.Бластула екі қабатты ұрық.

4.Гаструланың даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы мезодерма

5.Нейруладан кейінгі саты гаструла.

6.Жануарлар өмір бойы өсе береді.

7.Шала түрленіп дамитын түрлерде метаморфоз болмайды.
VIІ.Үйге тапсырма: 37-39 Сұрақтарға жауап беру.Тест 211 бет.

VIIІ.Бағалау

ІХ. Рефлексия

«Солдатово орта мектебі» КММ



Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Онтогенез-организмдердің жеке дамуы (10-сынып)

Биология пәнінің мұғалімі: Жамбасова Г.М.


2016 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет